{metadescription}
Павлодарда өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған ер адам ақталып шықты
Павлодарда өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған ер адам ақталып шықты

Павлодарда өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған ер адам ақталып шықты

30 жастағы Виталий Дикальчук былтыр күзде 5 жастағы бүлдіршінмен жыныстық қатынасқа түсуге әрекеттенді деген күдікпен қамалған болатын. Ал оның кінәсіз деп танылуына наразылық білдірген тарап сот ғимаратында бұрынғы келіндерімен жаға жыртысты. 

Қаршадай қыз өзіне өгей әкесінің азғындық жасағанын атасына баяндап берген. Мұны естіп-білген оның туған әкесі бұл туралы бірден полицияға хабарлапты. Бұдан соң қамауға алынған 30 жастағы ер адам тергеушілерге өгей қызына қол тигізбенін жеткізген. 5 жасар бүлдіршін болса, кейін шешесіне өзіне өгей әкесі емес, туған атасының тиіскенін айтады. Ал мұндай сұмдыққа бармағанын алға тартқан қария бұрынғы келінін «жала жапты» деп айыптап, прокуратураға қарсы шағым түсірген болатын . Ақыры бұл іске қатысты бірнеше сараптама тағайындалып, сол арқылы бүлдіршінге еш азғындық жасалмағаны дәлелденді. Ал 5 жасар қызбен сөйлескен психологтар оған қысым жасалғанын анықтапты. Сөйтсе, тараптар қалағаныңды сатып әпереміз деп қаршадай қызға дегендерін жасатып келген. Нақты дәлелдердің болмауына байланысты сот 30 жастағы Дикальчукты кінәсіз деп танып, оның қолынан кісен сот залында шешілді. Ал соттың бұл шешіміне наразылықтарын білдерген қыздың туыстары енді оны бұздыруға шағымданамыз деп отыр.

Анатолий Кудинский, бүлдіршіннің туған әкесі:

– Соттың бұл үкімімен мүлдем келіспеймін. Өйткені айыпталушының қызыммен жыныстық қатыныасқа түсуге әрекеттенгеніне қатысты дәлелдеріміз бар. Бірақ сот оларға мән бермеді. Бұл шешімді бұздыртамыз. Баламды жәбірлеген бұл оңбаған жауапқа тартылуы тиіс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.