{metadescription}
Маңғыстауда оңбай күйген жұмысшылар қайтыс болды
Маңғыстауда оңбай күйген жұмысшылар қайтыс болды

Маңғыстауда оңбай күйген жұмысшылар қайтыс болды

Маңғыстауда кен орнында оңбай күйген жұмысшылардың екеуі сол күйі тілге келместен көз жұмды. Марқұмдардың біреуінің денесін 60 пайыз күйік шалса, екіншісінің тыныс алу жолдары түгелдей зақымданған еді.

Оқыс оқиға жөндеу жұмыстары кезінде болған. Ұңғымада аяқасты өрт шығып, 4 жұмысшы қызыл оттың ортасында қалған. Өкінішке орай, 32 жастағы жігіт сол жерде тірідей өртеніп кетті. Ал үш жұмысшы өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын. Тыныс жолдары түгел зақымданған жұмысшыны Мәскеуге, ал екеуі Астанаға жеткізілген. Өкінішке орай, екі адамды құтқару мүмкін болмады. Енді астаналық дәрігерлер апаттан тірі қалған жалғыз жұмысшының өмірі үшін барын салуда. Ал үш жұмысшы ажал құшқан алапат өрттің кен орнында неден шыққаны әлі белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.