{metadescription}
Мәжіліс пе, базар ма?:  Шөкеев депутаттардың қарнын тойғызды
Мәжіліс пе, базар ма?:  Шөкеев депутаттардың қарнын тойғызды

Мәжіліс пе, базар ма?: Шөкеев депутаттардың қарнын тойғызды

Отандық шаруалар дайын өнімін кімге сатарын білмей жүр. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі сүт, құс еті өнімдері мен өзге де азық-түлікке сұраныс өте төмен деп шағымданды. Бір қызығы  өтпей жатыр делінген азықты депутаттар таласа тармаса жеп қойды. Сонда бұл өнімдерге нарықта неге орын жоқ?

Өмірзақ Шөкеевтен есеп алуға жиналған депутаттар  Үкімет сағатын өткізуді ұмытып кете жаздады. Ауыл шаруашылығы министрі Мәжіліске айран, сүт, құрт, қаймақ, қазы-қартасын  көтеріп келіп, халық қалаулыларының аузынан сілекейін ағызды. Жәрмеңкеге баратын уақыты жоқ па, әйтеуір  әйелдер  ешкі сүтінен жасалған өнімдер мен май, бал, қаймақ, айранды айналшықтап шыға алмай жүр.

-Қыздар, мен екеуін аламын..

Ал ерлер жағы етті көргенде есін жоғалтты. Тіпті Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко түйетауық етінен жасалған қазыны асап-асап жіберді.

- Қазақтар түйетауықтан қазы жасайтын болған.

Шөкеев улап-шулаған депутаттардың қарнын тойғызып алған соң, ауыл шаруашылығы саласындағы түйіткілдерді айтуға кірісті.  Бір қызығы жәрмеңкеде мәжілісмендердің өзі таласа тармаса жеген  азық-түлікке ішкі нарықта сұраныс аз боп шықты.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Ауыл шаруашылығы саласында өзекті мәселенің бірі - дайын өнімге сұраныс жоқ. Өндірісті екі-үш есеге көбейтуге болады, бірақ, оны қайда сатамыз? 30 түрлі азық-түліктің бесеуіне ғана ішкі нарықта орын бар. Қалғанын қайда қоярымызды білмейміз.

Ал отандық өнімге деген сұранысты арттыру үшін Шөкеев бюджеттен қосымша 1 триллион 310 миллиард теңге сұрады. Министр жанына фермерлерді де ерте келіпті. Қалған мәселені шаруалардың өздері шешсін деп, тізгінді жас жігіттерге берді. Оларды мұқатқысы келген депутаттарға бағбандар  мәселенің байыбына бармайсыңдар деп  ашуланып қалды.

Асқар Сабыров, фермер:

-Бізге арзан және үстемесі 5 пайыздан аспайтын  ұзақмерзімді несие беріңіздер. Сонда субсидиядан мүлдем бас тартамыз. Аргарлық сала –  қазсаң мұнай атқылайтын ұңғыма емес. Бау-бақшадан пайда көру үшін 10-15  жыл керек. Сіздер бес жылдан кейін келіп: «әлгі алмаң қайда?» деп сұрайсыздар. Ал алма жоқ.

-Сондай-ақ, Шөкеев биыл күзде біріңғай аграрлық салық енгізбек. Өйткені, қазір шаруаларға сан түрлі салық салынады. Ал одан бюджетке түсіп жатқан табыс өте  аз дейді министр. Егер мәселен, жердің пайдаланылған   аумағына қарай бір ғана салық салынса, фермерлерге де жеңіл болады. Қазынаға түсім де артады екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде