{metadescription}
Шымкентте шенеуніктер шатырдың тесілуін биік өкше киетін келіншектерден көрді
Шымкентте шенеуніктер шатырдың тесілуін биік өкше киетін келіншектерден көрді

Шымкентте шенеуніктер шатырдың тесілуін биік өкше киетін келіншектерден көрді

Биік өкше кінәлі! Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша жетімдер мен мүгедектерге берілген үйлердің қабырғалары шытынап жатыр. Нұрсәт ықшамауданындағы 108 пәтерлік үш үйдің тұрғындары жауын-шашын болса азапқа түседі. Шатырдан аққан су жоғары қабаттардағы пәтерлерді басып, тіпті дымқылданған электр сымдарының тұйықталуы да жиі болады екен. Соның салдарынан жарық сөніп қала береді. Ал шенеуніктер бәленің бәрі қыз-келіншектердің аяқ киімінен деп отыр.

Тоғыз қабатты бұл үш үйді 5 жылдан аса уақыт бұрын жетімдер мен мүгедектерге берілген. Бірақ тұрғындары алғаш жауын жауғаннан қуанышы су сепкендей басылыпты. Себебі, жаңбыр мен қар түссе тұрғындары төбеден аққан сумен алысып азапқа түседі. Осының салдарынан қабырғалар көгеріп, қолқаны қабатын дымқыл иіс пайда болған.

Ирина Запорожченко, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Ауырып күнде дәрігер шақырамыз. Оның еш көмегі тиіп жатқан жоқ.

Уақыт өткен сайын үйдің қабырғалары да қақырап, тіпті шытынаған дуалдардың да дыбысы естілетін болыпты. Үреймен күн кешіп жатқан тұрғындар жарықтың да болғанынан болмаған күндері көп дейді. Себебі, жаңбыр суы электр сымдарына тиіп, қысқа тұйықталудан көз ашпайды. Салдарынан тұрмыстық техника да жиі күйіп кетеді. Тұрғындардың сөзінше, үйдің тым сапасыз екенін енді көшіп келген кезде мердігердің өзі ашық айтыпты. Бірақ шу шығармауды сұрап өзіміз қатырамыз деп алдаған. Үйді салдырған жұмыспен қамту бөліміндегілердің де әрекеті осы сарындас. 

Рабила Жанилова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Тұрғындардың үйлерінің көгеріп жатқанын түсіріп кетті. Тегін берілген үй тыныш отырыңдар деп айтты.

Расымен де ақжағалылар өздеріне де, мердігерге де шаң жуытпайды. Үйді екі мәрте жөндеткенбіз деп отыр. Ал шатырдан су кетіп жатқаны құрылыстың сапасыздығынан емес, шатырға қыз-келіншектер жиі шығып, біз өкше аяқ киіммен тесіп тастаған деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Ғалымжан Өтенбаев, Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Қыз-келіншектер каблуктарымен жүреді. Сол себепті тесіктер пайда болған.

-Мердігердің келісім-шарты бойынша үйлерге екі-ақ жылға кепілдік берілген. Ол мерзімнің әлдеқашан өтіп кеткенін ескердік деген шымкенттік шенеуніктер енді қыз-келіншектердің биік өкшесі тескен тесіктерді жамауға демеуші іздеп жатыр. Сондықтан шатыр биыл бітелуі де әбден мүмкін. Егер атқамінерлер шынымен сөзінде тұрса, онда мұндағы келіншектердің біз өкшелі аяқ киімнен мүлдем бас тартуы да ғажап емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде