{metadescription}
Ақмола облысында жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды
Ақмола облысында жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Ақмола облысында жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Астана-Щучье тас жолы бойын көгалдандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама төңірегінде шу шықты. Ақмола облысындағы Ұрымқай орман шаруашылығының басшылары бұл ауқымды іске кірісе сала, жұмысшылардың наразылығына тап болды. Екі қолға бір күрек таппай жұмыссыз отырған 30 адамға келісім-шартсыз көшет қазғызып, ағаш еккізген мекемедегілер жалақы берерде сараңдық танытқан. Осыдан кейін жұрт 104 гектар жерде шаң қауып жүріп еткен ауыр еңбегіміз дұрыс өтелмеді деп алқапқа келіп айғайға басты. 

Маусымдық жұмыс болса да, еңбегінің өтелеріне үмітті болған олар ала таңнан қас қарайғанша алқапта көшет отырғызған. Арнайы техниканың соңынан жүгіріп, қара шаңға бөксе де, жарыса жұмыс істегендерін айтады. Жұмысы ауыр болған соң, жалақысы да жақсы болады деген орман шаруашылығының басшылары. Шулаған топтың айтуынша, 100 мың теңге беріледі деп уәде етілген. Бірақ ағаш отырғызу науқаны аяқталған соң әрқайсысының қолына 23 мың теңгеден ұстатыпты.

Кенжегүл Молдахметова, Жасыл ауылының тұрғыны:

-Ақша керек болған соң осындай жұмысқа шықтық. Физический бәріміз жұмыс ісдедік. Ауыр жұмыс. Дүкенге барып қарызға аламыз. Қарызды барып санасаңыз, 10 мың. 

Осылайша еңбегіміз еш кетті деген тұрғындар орман шаруашылығында бұдан ары жұмыс істеуден бас тартпақ. Ал олар отырғызылған көшеттерді суарып күтіп баптау, арам шөбін жұлу, түптеу сияқты шаруаларды ары қарай жалғастыруы керек болатын.

-104 гектарға долана, алма, кайың ағаштары отырғызылған. Маусымдык жұмысқа алынган тұрғындар орманшылардың «барлык көшеттерді алқапка әзірлеп әкелмегенін айтады. «Алақанымыз ойылып 10 мың түп алма ағашын орманнан өзіміз қазып алдық»,- дейді олар.

Ал орман шаруашылығының басшылары 100 мың теңге береміз деп уәде етпедік деп отыр. Олар тек жұмысты ұйымдастырғанда қателік жіберіп алыпты.  Яғни жұмыссыздарды келісім-шарт жасамастан жұмысқа жеккен.

Жұмабай Бектұров, «Ұрымқай орман шаруашылығы» КММ директоры:

-Бұл  кісілерге ескертіп беру керек еді. Ауа райы бұзылмай тұрғанда тез тез бітіріп алайық деген едік.  

Жылдамдатып көшеттерді отырғызуға асыққан директордың сөзінше, бұл іске мемлекеттен биылға 13 миллион теңге бөлінген. Айта кетейік, Астана-Щучье тас жолының бойын 2022 жылға дейін көгалдандыру жұмыстары енді басталып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде