{metadescription}
Алматыда жалақы алмаған мейрамхана қызметкерлері шу шығарды
Алматыда жалақы алмаған мейрамхана қызметкерлері шу шығарды

Алматыда жалақы алмаған мейрамхана қызметкерлері шу шығарды

Ақпан айынан бері еңбек ақыларын ала алмай жүрген даяшылар, аспаздар мен бармендер, басшыларынан өздеріне тиесілі қаржыны талап етіп әлек. Ал жалпы соммасы 6 миллион теңге берешегі бар мекеме әкімшілігі, көп ұзамай қарыздарын қайтарамын деп уәдені үйіп-төгуде.

Қаланың қақ ортасында орналасқан бұл мейрамхананың бүгінде әдеттегідей ішіне емес, сыртына адам қаптады. Әйтсе де клиенттер емес, соларға қызмет көрсетіп келген 30-ға жуық қызметкер жиналған. Мейрамхана қожайынына өкпесі қара қазандай қызметкерлер жарты жылдан бері жиналған жалақыларын ала алмай әлек болып жүр.

Алтынгүл Қасымова, мейрамхана қызметкері:

- Үш бала-шағам бар жалғызбасты анамын. Есіктен келемін 1000 теңге кетеді жолға.  

Наразы топ айлар бойы қолдарына қара бақыр да алмаған. Әрі олардың көбісі еңбек келісім-шартына отырмапты. Себебі, ресми тіркеу туралы сөз қозғалса басшылары қырық сылтауын айтып сытылады екен. Әрқайсысына кемінде 200 мың теңгеден берешек мекеменің қарызы қазір 12 миллионға жетіп жығылады.

Мұхит Ноғайбекұлы, мейрамхана қызметкері:

- Жалақымызды берсе болды, басқа ештеме талап етіп отырған жоқпыз. Біз қарызға ақша сұрап отырған жоқпыз ғой. Еңбекақымызды берсін.

Ақпан айынан бері қызметкерлеріне ақша төлей алмай отырған кафе басшылығы болса, ашуға булыққан топтан мұрсат сұрады. Айтуынша, сәл шыдамдылық танытса қарыздан толық құтыламын деп сендірді.

Вячеслав Ким, мейрамхана басшысы:

-иә, біздің берешек қарыздарымыз бар, оны мойындаудан қашпаймын. Дегенмен қызметкерлерден 2-3 жұма күте тұруларын өтінемін. Жалақыларын толық беруге тырысамыз.

Алайда наразы топ алты айдан бергі құрғақ уәдеге тойдық деп отыр. Еңбекақыларын бұл жолы да өндіре алмағандар енді еңбек инспекциясы мен прокуратураға шағымданамыз деп тарқасты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде