{metadescription}
Назарбаев мәңгілік басқаратын Қауіпсіздік Кеңесіне қандай құзірет берілді?
Назарбаев мәңгілік басқаратын Қауіпсіздік Кеңесіне қандай құзірет берілді?

Назарбаев мәңгілік басқаратын Қауіпсіздік Кеңесіне қандай құзірет берілді?

Парламент президентке тағы бір мәңгілік мәртебе берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесті өмір бойы басқаратын болды. Сенат  бүгін арнайы заң жобасын қабылдады.

Бектас Бекназаров, Сенат төрағасының орынбасары:

-Қабылданған заң Қауіпсіздік кеңесінің жұмысына  нақты, тұрақты көптеген сұрақтарды алып тастайтын бағыт беріп отыр. Қазақстан Республикасының  Президенті - Елбасының ел өміріндегі тарихи миссиясына байланысты, ол Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болып отыр.

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңес туралы бөлек заң болмаған. Жаңа құжат

кеңестің құқықтық статусын, негізгі міндетін, құрамын, төрағасы мен мүшелерінің өкілетін бекітеді. Оның үстіне мәртебесі конституциялық деп бекіді. 27 жылдан бері жұмыс істеп тұрған кеңеске  Президент, Сенат спикері, Мәжіліс  төрағасы, Премьер-министр, Бас прокурор, Ішкі істер, Қорғаныс министрлері, Ұлттық Қауіпсіздік  төрағасы сынды 12 адам  кіреді.  Кеңес Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігіміздің тағдырына  қатысты шешім қабылдайды. Енді жаңа заң бойынша,  Қауіпсіздік кеңесі  Үкіметтің есебін тыңдайды, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бағалайды, елдегі  тәртіп, мемлекеттік мекемелердің жұмысын, ішкі саяси ахуалды бақылауда ұстайды. Ал кеңестің басында өмір бойы Тұңғыш  Президент тұрады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде