{metadescription}
Алматыда балалар күніне орай ерекше шара өтті
Алматыда балалар күніне орай ерекше шара өтті

Алматыда балалар күніне орай ерекше шара өтті

Балаларға базарлық!  Халықаралық балаларды қорғау күнінде Алматыдағы «Динамо» стадионында ерекше шара ұйымдастырылды. «Бақытты балалық шақты қорғау» ұранын ту еткен жиынға, мыңға жуық бала, елге белгілі спортшылар және қоғам белсенділері қатысты.

Балаларды құттықтауға келген спортшылар арасында Денис Тен, Ермахан Ибраимов, Асхат Жіткеев және Елена Хрусталева сында саңлақтар бар. Ал, шараға республика көлемінде 6 мың бала қатысып жатыр. Барлығы «Динамо» спорт қоғамының секцияларында тәлім алып жүрген жеткіншектер. Балаларға базарлығын тарту еткен мерекеде, жас спортшылар да өз өнерлерін паш етті. Ал, шараның басты мақсаты  кейінгі буынға патриоттық тәрбие беру дейді ұйымдастырушылар.

Асқар Омарқұлов, «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары:

-Мынау біздің балаларды тәрбиелеу біріншіден. Оларды отан сүюге және отанымызды қорғайтын сақшы болып өсіп, үлкен азамат болуына бағыт береміз, осы балаларды тәрбиелеу.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде