{metadescription}
Алматыда тағы лифті құлап бірнеше адам ажал құша жаздады
Алматыда тағы лифті құлап бірнеше адам ажал құша жаздады

Алматыда тағы лифті құлап бірнеше адам ажал құша жаздады

Жаңа үйдегі жеделсаты жұрттың жүрегін ұшырды. Алматыда тағы бір нысанның лифтісі төмен құлдилап, 4 адам ажал құша жаздады. Жоғарыға көтеріліп бара жатқан жеделсаты кенет жертөлеге бір-ақ түскен. Бұл оқыс оқиға пайдалануға берілгеніне бар-жоғы 1 жыл болған үйде тіркелді. Есі шыққан халық қазір амалсыз 17-інші қабатқа дейін жаяу шығып-түсіп жүр.

Нұршида Айтбаева қазір лифтіге жақындауға да қорқады. Себебі, сенбіде жеделсатыға мінемін деп бір ажалдан қалыпты. 

Нұршида Айтбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Ішінде 4 адам болдық. Жоғарыға көтеріліп бара жатқанбыз. Алтыншы қабатқа келгенде лифт төмен құлдилай жөнелді. Сосын жертөле мен бірінші қабаттың ортасында тұрып қалды. Біз кабинадағы қоңырауды бастық. Бірақ, ол да істемейтін болып шықты.

Әйтеуір, санаулы минуттан соң лифт жертөлеге ақырын түскен. Жұрт мұнда көшіп келгелі жеделсатының мінсіз жұмыс істегенін көрмепті. Ылғи қорқынышты дыбыстар естіліп, кабинасы теңселіп тұрады екен. Кенет тоқтап қалуы да жиі тіркеледі.

Анар Есжанова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Мен өзім 3 баламен лифтінің ішінде осы айда мен 5 рет қалдым. 40 минут біз күтеміз . Бір адам өлу керек пе? Міне, Ақтөбеде болып жатқан жағдай, Атырауда... Сондай жағдай болуы керек па?

Қазір бала-шаға 17-інші қабатқа дейін жаяу көтеріліп-түсіп жүр. Жаңа үйдің өзге кем-кетігін айтпағанда, лифтісі де о баста сапасыз орнатылған дейді тұрғындар. Бірақ, жауаптылар жеделсатының жиі бұзылуына керісінше тұрғындарды кінәлап отыр.

Нұрахмет Қошымбаев, «Лига ЖКХ» ЖШС директоры:

-Лифт техникалық жағынан қиын құрылғы. Оның жұмысына түрлі жағдайлар әсер етеді. Мүмкін  тұрғындар жиһаздарын ұқыпсыз кіргізіп, жеделсатының датчигін зақымдаған шығар. Немесе қоқыс, құм тұрып қалған болуы мүмкін.

Қазір лифт сол күйі жұмыс істеп тұр. Ал, Ақтөбедегі тележүргізуші мен атыраулық қос жасөспірімнің қайғылы қазасынан кейін қаймығып қалған жұрт, шамалары келгенше жаяу көтеріліп түсуде.  Айта кетерлігі, тура бір апта бұрын дәл осыған көршілес үйдегі жеделсаты да аяқасты төмен құлдилап, зейнеткер мертігіп қалған еді. Содан соң мұндағы лифттер жаппай тексеріліпті. Оның қорытындысы енді жарияланбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде