{metadescription}
ОҚО-да жас жігіттерден таяқ жеген ақсақал Астанаға әділдік іздеп келді
ОҚО-да жас жігіттерден таяқ жеген ақсақал Астанаға әділдік іздеп келді

ОҚО-да жас жігіттерден таяқ жеген ақсақал Астанаға әділдік іздеп келді

Қартайғанда есігін қақпаған құзырлы орын қалмады. Осыдан екі ай бұрын ауылындағы зіңгіттей жігіттерден жәбір көрдім деген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрап елордаға арнайы келіпті.

Дүйсенбек Сазанбекұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны:

-Светлана Бычкова депутатқа кіріп, жағдайды түсіндірдім. Арызымды тастап кеттім. Бұл кісі шара қолданамыз деген уәдесін беріп отырған жағдайы бар.

Жетпістегі ақсақалдың айтуынша үш жігіт оны үйінен алдап әкетіп, күш көрсетіпті. Қарияны көлікке мінгізіп, ауылының сыртына шыққан бойда «тілшілерге ауылдағы проблемаларды неге айтасың» деп қоқан-лоққы көрсетіпті. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, полицейлер үш күдіктіні ұстаған. Алайда, көп ұзамай оларды бостандыққа жібере салған көрінеді. Ақсақал жергілікті тәртіп сақшылары өзіне жәбір көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбалаңға салып отыр деп отыр. Бас прокуратура мен Нұр Отанға шағымданған қария әділдік орнатпай тынбайтынын мәлімдеді. Ал мәжілістегілер бұл мәселені жіті тексермекші.

Светлана Бычкова, Мәжіліс депутаты:

-Маған келді. Жәке адамның мәселесін қазір жариялай алмаймын. Біз бәрін тексереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде