{metadescription}
Елімізде темекі мен газдалған сусындардың бағасы қымбаттауы мүмкін
Елімізде темекі мен газдалған сусындардың бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде темекі мен газдалған сусындардың бағасы қымбаттауы мүмкін

Халықаралық және отандық сарапшылар шылым мен тәтті сусындарға салықты еселеп көтеруді ұсынды. Мамандардың айтуынша, бұдан халық та,қазына да ұтады.

Сарапшылардың айтуынша,  бар мәселе салықта. Темекі сынды денсаулыққа аса зиян тауарға акциз құны төмен елде өлім-жітім ешқашан  азаймайды екен. Сондықтан, шұғыл шешім қабылдау керек. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы бар - бағаны көтеру.

Патрисио Маркес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшысы:

-Қазақстанда темекінің бағасы өте арзан. Сондықтан орта жастағы ер-азаматтардың  40 пайызы шылым шегеді. Ал темекінің түбінде -  ауру, өлім жатыр. Мәселен, Қазақстанда 1 қорап шылымның орташа құны - 1 доллар. Ал Ресейде 2 доллардан асады. Еуропа елдерінде - 7, Нью-Йоркте - 13 доллар.

Халықаралық сарапшы мынадай кеңес береді: еліміз шылымға акцизді қазіргіден де бірнеше есеге өсіру керек.  Сонда темекі құны қымбаттайды да, тұтынушы саны төмендейді. Нәтижесінде түрлі дерт пен өлім азаяды. Бұл - әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен адамдар үшін тиімді болмақ. Онсыз да айлығы шайлығына жетпей жүрген жан ақшасын үнемдейді және аурудан аман қалады. Бірақ, сұраныс төмендегенімен, салық есебінен бюджетке түсім артады екен. Астанада өткен жиында жұрт күнде тұтынатын газдалған сусындардың да мәселесі қаралды.

ЛИНН СИЛЬВЕР, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ САЛЫҚ БОЙЫНША КЕҢЕСШІСІ:

-Ең алдымен кола, пепси сынды сусындарды шығаратын компанияларға  салықты көтеру керек. Сонда кәсіпорын бірден өнімнің бағасын қымбаттатады. Нәтижесінде газдалған, құрамында тәттісі көп сусынды тұтынушылардың саны еселеп азаяды.

Тұтынушыны осылай мәжбүрлемесе, адамның  жаман әдеттен арылуы қиын дейді сарапшылар.  Ал дүкен сөрелерінде самсап тұрған газдалған сусын, салқын шәйдің құрамында қант көп. Оның ағзаға еш пайдасы жоқ. Бір жағынан қысым көрген өндіруші компания да ойлана бастайды. Сусынның  құрамын өзгертуге тырысады деп сенеді сарапшылар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде