{metadescription}
Алматы облысында дәлізге жатқызылған  науқастардың жайы Біртановты  шошытты
Алматы облысында дәлізге жатқызылған  науқастардың жайы Біртановты  шошытты

Алматы облысында дәлізге жатқызылған науқастардың жайы Біртановты шошытты

Жұқпалы дерттің жаппай таралуына жол бергендер анықталды. Ұлттық сараптама орталығының зертхана қызметі міндетіне атүсті қарағандықтан менингококк жұқпасын тасымалдаушылар уақытында анықталмаған.  Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті сол себепті оның таралуын кеш хабарлағандарын айтады. Қазір қауіпті кеселдің салдарымен күрес қызу жүріп жатыр. Алматыға арнайы келген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы жабылатынын жеткізді.

Бактериялардың құбылуын, аурудың асқынуын, ықтимал  кесел туралы тұрақты зерттеу жүргізуі тиіс Ұлттық сараптама орталығының бұл жолы қайда қарағаны белгісіз. Менингит меңдеген соң барып дабыл қақты. Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова орталыққа қарасты зертхана өткізген есептен жұқпалы дерт жағадан алуы мүмкін деген ой еш келмеген дейді. Біз мұның себебін сұрадық.

- Осы уақытқа дейін  бәрі жақсы деп есеп беріп келген. Сонда осыған дейінгі жағдайлардың бәрін жасырып келген бе?

-Оны өздерінен сұраңызшы.

Мәселенің мән-жайын білмекке Ұлттық сараптама орталығына бардық. Бірақ, мұнда өлі тыныштық. Жауапты жан баласы жоқ.

-Құрман Халықов?

- Ол да жоқ.

-Алдамұратова Жанат.

- Ешкім жоқ. Сонда білдей Ұлттық сараптама орталығында жауапты адам жоқ па ешкім?

-Жоқ

Бір қызығы орталық басшысы дәл менингит мәселесі өршігенде, яғни 10 күн бұрын ауруханаға түскен. Бірақ бұдан әріптестері де хабарсыз болып шықты.

Жер-жердегі жауапты тұлғалардың жайбаcарлығы менингиттің өршуіне, елдің бас дәрігерін емдеу кешендерін аралауға мәжбүр етті. Осыған дейін тек есеп арқылы құлағдар болған министр Елжан Біртанов Алматыға арнайы келіп жағдайды өз көзімен көрді. Талғардағы аудандық ауруханаға түнделетіп аяқ астынан тексерді. Кемшілікті тізіп, кінәліге шүйлікті.Қаскелеңдегі жағдай бұдан да сорақы болып шықты. Жұқпалы аурулар ауруханасы аузы мұрнына толғандықтан, түскен науқастарды тіптен дәлізге жатқызған.

Әлима Саурықова, Қаскелең қаласының тұрғыны:

-Түнде келдік. Орын жоқ деді. Осында жатасыздар деді. Палата босағанша. Баламыз үшін көнем енді, не істеймін?

Мұндай былықты көрген Біртановтың өзі ашуға мінді. Сақтық мақсатында киген бетпердені шешіп, дәрігерлердің немқұрайлығын беттеріне басты.

- Науқасты коридорда емдеу дегенді қайдан шығарғансыздар? Сіздер барлық санитарлық талапты бұзып отырсыздар ғой.

Әңгіме мұнымен бітпеді. Денсаулық сақтау министрі Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасын жабуға және ауруханың бас дәрігері Жәнібек Ботбаевты қызметінен босату жөнінде әмір берді.

-Осылайша, Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы жабылса, онда науқастар қалалық ауруханаға баруға мәжбүр болмақ. Біртанов бір күндік келген сапарынының өзінде бірталай былықтың бетін ашты. Бірақ, ол кеткесін баяғы жартас сол жартас болып қалмай ма? Себебін айтып, салдарын түзеткен министрлік, енді менингиттің жайылуын  дер уақытында хабарламаған сараптама орталығына қатысты шара қолдана ма? Бұл туралы әзірге ешкім жақ ашпады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде