{metadescription}
Павлодар облысында жұмысшыны топырақ басып қалды
Павлодар облысында жұмысшыны топырақ басып қалды

Павлодар облысында жұмысшыны топырақ басып қалды

Мичурин елді мекеніндегі су сорғыш станция құрылысының аумағында бір адам жазатайым жағдайда қаза тапса, екіншісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, 28 жастағы жұмысшы шұңқырға түскен сәтте оны топырақ басып қалады. Сол жерде болған cерігі оны құтқаруға ұмтылады. Сол сәтте топырақ қайта опырылып, соның кесірінен қос азамат тереңдігі 3 метр жерде қалып қойған. Оларды сол жердегі қызметкерлер құтқарушылар жеткенше сыртқа алып шығыпты. Ал ақхалаттылар көмек көрсеткенімен бір жұмысшының өмірін сақтап қала алмады. Ер адам ауыр топырақ астында тұншығып қалған. Ал кеуде қуысына зақым келген оның әріптесі қазір ауруханада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.