{metadescription}
Алматылықтар еліміздегі ең табысты тұлғалармен танысты
Алматылықтар еліміздегі ең табысты тұлғалармен танысты

Алматылықтар еліміздегі ең табысты тұлғалармен танысты

Жетістікке жетер жолда талай қиындықтан өткен нағыз үлгілі дәрігер, спортшы, ғалым мен мәдениет қайраткерлерін «100 жаңа есім» жобасы анықтап берген. Сол жеңімпаздар оңтүстік астанада өткен жиында өз құпияларымен бөлісті. Олардың табысқа толы өмір жолы ешкімді бей-жай қалдырмаған.

Ұлылық  қарапайымдылықта. Табандылықпен еңбек етіп, жоғары жетістікке жеткен бірінен бірі озар бүгінгінің қаһармандары осылар. Көпке танымал болмаса да, еңбектері елеулі. Олар «100 жаңа есім» жобасына қатысқан 2 жарым мың адамның ішінен де оқ бойы озық шыққан.

Махаббат Есен, конференция модераторы:

-Қазақстанның түкпір-түкпірінен өтініштер келіп түсті. Оның ішіндегі ең табысты тұлғалар дауыс беру арқылы анықталды. Жеңімпаздардың өнегелі өмірін бүкіл халық білсе дейміз.

Сахнаға нық сеніммен шыққан бұл жігіт тағдырдың қатал сынағына сынбағандардың бірі. Серік Есматов 7 жыл бұрын қос аяғынан айырылған. Қайғылы жағдайдан 1 жыл өткенде ғана ол спортқа қайта оралады. Тіпті, жігерлі жігіт паралимпиадаға қатысып, жоғары нәтиже көрсетіпті.

Серік Есматов, спортшы:

-Жаттығудан қайтып келе жатып, абайсызда пойыз астына түстім. Ол кезде бала едім. Бір ажалдан қалдым.  Енді адамдарға өмірде бәрі де мүмкін екенін көрсеткім келеді.

Жиналған жұртты ерекше таң қалдырғандардың тағы бірі Гүлжан Сәрсенбаева. Кардиохирург дәрігер көп бүлдіршіннің жанын сақтап қалған.

Ол 18 жылда мыңнан аса балаға ота жасапты.

Гүлжан Сәрсенбаева, кардиохирург:

-Мен мұнымен тоқтамаймын. Өзімді әрі қарай да дамытқым келеді. Әрине, қатты қиналып, дәрігерліктен біржолға кеткім келген кездер болған. Бірақ, өз-өзімді тоқтаттым. Өйткені, бұл менің сүйікті мамандығым. 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасы осындай еңбек жолы ерекше мамандардың басын қосқан алаңға айналған. Оның жеңімпаздары алдағы уақытта өзге өңірлерде де халыққа өз табыс құпияларын айтып бермек.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде