{metadescription}
Генадий Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінен айрылды
Генадий Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінен айрылды

Генадий Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінен айрылды

Халықаралық бокс федерациясының пайымдауынша, гүрзі жұдырықты отандасымыз жүктеген талаптарды орындамаған.

Яғни, Головкин міндетті қарсыласы украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен 3 тамызға дейін қолғап түйістіруден бас тартқан.  IBF мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы болып, ережеге сәйкес чемпион кездесуді бір рет қана кейінге шегере алатынын ескерткен. Қазақстандық боксшы мұндай мүмкіндікті 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянды жеңген кезінде қолданған еді. Ал, Головкиннің промоутері Том Леффлер бокс федерациясының бұл әрекетін сынға алды. Айтуынша, GGG командасы ұйымның барлық шарттарын бұлжытпай орындап келген. Айта кетейік, Геннадий Головкин 2015 жылы канадалық боксшы Давид Лемьені жеңгеннен кейін IBF чемпиондық белбеуін қанжығасына байлаған еді

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.