{metadescription}
Алматы облысында өмірден қажыған азамат мүгедектік арбасын өртеп жіберді
Алматы облысында өмірден қажыған азамат мүгедектік арбасын өртеп жіберді

Алматы облысында өмірден қажыған азамат мүгедектік арбасын өртеп жіберді

Қол-аяғы да, үй-күйі де жоқ азамат жанайқайын өртпен жеткізді.

Өмірден баз кешкен Алматы облысының тұрғыны көше ортасында өзінің мүгедектік арбасын өртеп жіберген. Ол осылай мүшкіл жайына шенді-шекпендінің назарын аудартуды көздепті. Алайда, билік тұтқасын ұстағандар кемтар жанды елеусіз қалдырған емеспіз деп отыр. Тіпті, баспанаға дейін ұсынған. Бірақ ол мұны місе тұтпапты.

Кемтар азамат бұл қадамға күйініштен барған. Сырттай еңкілдеп жыламаса да, жан-дүниесі өртеніп жатқанын айтады. Мұңын естір құлақ таппаған соң, ол көптің алдында осылай арбасын өртеуге мәжбүр болыпты.

Бұл Болат Әбілдиновтің өз арбасын екінші рет күлге айналдыруы. Талабы сол бір – баспаналы болу.

Болат Әбілдинов, І топтағы мүгедек:

– Үштөбедегі "Нұротан" да керек қылған жоқ.  Не әкімдік  керек қылған жоқ. Бір-біріне сілтейді.

39 жасар ер адам қол-аяғын Ақмола облысындағы құрылыста жұмыс істеп жүргенде үсітіп алған көрінеді. Ал,Үштөбеге 3 жыл бұрын қоныс аударған. Қазір отбасымен аядай ғана жалдамалы баспанада бас сауғалауда. Ол мұнда келген жылы-ақ үй кезегіне тұрған екен. Бірақ, жаңа пәтерді жылдап күтер шамам жоқ дейді.

Болат Әбілдинов, І топтағы мүгедек:

–Қол аяғым жоқ. Егер аяғым болып, жарайды бірінші топтағы мүгедек болайын, мен тосар едім.

Шенділер мүгедекті мүлдем елеусіз қалдырған деуге келмейді. Жеке көмекші беріп, протез, арбамен қамтыған. Жәрдемақысын да айма-ай алып отыр, тіпті, үй де ұсындық дейді.

Серік Амандосов, Қаратал ауданы әлеуметтік бағдарламалар орталығының жетекшісі:

– Бір үй ұсынғанбыз тұратын  жер үй. Мен от жаға алмаймын, мен ол үйде тұра алмаймын деп бас тартты.   

Жағдайы жасалмаған үйден жарымжанның бас тартуы жөнді де. Өйткені, оған тұрақты күтім керек. Ал, Болатқа кезегінен бұрын үй берілуі мүмкін деген ақпар мұндағы өзге мүгедектердің ашуын туғызды. Олар да жылдар бойы баспана алуды аңсап жүргендер. Сондықтан, заңсыздыққа жол бермейміз деп отыр. Қалағаным болмаса, өзіме қол саламын деп Әбілдинов те қорқытуда. Сондықтан, бұл жолы жауаптылар әбден тығырыққа тірелгендей.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.