{metadescription}
Еліміздің бірнеше облысында мұнай ұрлаумен айналысқандарға үкім шықты
Еліміздің бірнеше облысында мұнай ұрлаумен айналысқандарға үкім шықты

Еліміздің бірнеше облысында мұнай ұрлаумен айналысқандарға үкім шықты

Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кеніштерде қара алтынды қымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты. Атышулы процес Қызылордада қаралып, бүгін барлығы 21 күдіктіге жаза берілді. Ең жоғарғы жазаны топ жетекшісі Кенжебек Басықараев арқалады.

Қаракөз Сәрсенбаева, Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілі :

-Осы қылмыстық іс бойыша бас фигуранттар:Басқараев Кенжебек Асқарұлы түкпілікті он жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленді.

Мұнай ұрлығымен айналысқандардың қылмысын бүркемеледі деп айыпталған Қызылорда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы Берік Өтеновке 9 жыл жаза кесілді.

21 айыпталуышының төртеуі шартты мерзімге сотталса, қалғандары 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұлар мұнай компаниясында жұмыс істеген. Ал сот залында ине шаншыр жер болған жоқ. Қауіпсіздік те барынша күшейтілді. Жалпы 143 томға арқау болған атышулы істе 100-ге жуық куәгерден жауап алынған. Естеріңізге салсақ, қара алтынды ұрлап сатумен айналысқан қылмыстық топ өткен жылы ұсталған еді. Тұтқындау операциясы бір мезетте Тараз,  Шымкент, Қызылорда қалаларында жүргізілген. Ұсталғандар арасында Сыр өңірінің көлік прокуроры да болды. Осы қылмыстық топқа қамқор болды деп айыпталған ол өткен жылы екі жыл шартты мерзімге сотталған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.