{metadescription}
Қарағанды облысында мұнай базасынан өрт шықты
Қарағанды облысында мұнай базасынан өрт шықты

Қарағанды облысында мұнай базасынан өрт шықты

Бұрынғы мұнай базасынан өрт шықты. Қарағанды облысында қызыл жалын бірден 1 жарым гектар аумақты шарпыды. 

Оқиға Осакаров ауданындағы Шоқай станциясында орналасқан бұрынғы мұнай базасының аумағында болған. Өрт шөпке тиіп, сол жердегі темір ыдыстарға құйылған битум қалдықтарын да шарпып өткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ал мұнай базасының қараусыз қалғаны белгілі болды. Тілсіз жауды ауыздықтаған өрт сөндірушілер енді оның себебін анықтап жатыр.

Жанна Дәуренбекова, Қарағанды облысы ТЖД баспасөз хатшысы: 

-Ерікті өрт сөндірушілер қатыстырылды. Өрт сағат 16:03-те толығымен жойылды. Өрттің болу себебі қазір анықталуда.Өрт дәнекерлеуші жұмыстарын жүргізу салдарынан болған деген болжам қарастырылуда.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде