{metadescription}
Бас санитар дәрігер менингиттің беті қайтқанын қуана хабарлады
Бас санитар дәрігер менингиттің беті қайтқанын қуана хабарлады

Бас санитар дәрігер менингиттің беті қайтқанын қуана хабарлады

Менингит кеселінің арыны қайтты. Еліміздің Бас санитарлық дәрігері оннан астам адамның өмірін жалмаған аурудың басылғанын хабарлады. Жандарбек Бекшиннің  мәліметінше, Алматыдағы  ауруханаларға соңғы төрт күнде менингокок инфекциясын жұқтырған бір де бір жан түспеген. Бірақ бүгін Астанадағы ауруханаға «менигококты жұқтырған»  деген күдікпен  тағы екі адам келді. 

Ел ішін менингит  меңдегелі Жандарбек Бекшиннен де маза кетті.  Бас санитар дәрігер қауіпті дертті жұқтырғандар жайлы күнара ақпарат беруге мәжбүр. Өткен аймен салыстырғанда қазір жағдай тұрақталыпты.  Мәселен менингокок инфекциясының ошағы деп жүрген Алматы қаласында қауіпті дертке шалдыққандар саны азайыпты. 

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Бізді қуантатыны, Алматыдағы ауруханаларға  соңғы төрт тәулікте  менингитке шалдыққан бір де бір адам  түскен жоқ. Қазір республика бойынша 24,  Алматыда 12 науқас ем қабылдап жатыр. 14 азаматтың жағдайы жақсарған соң  үйіне жібердік.

Алайда, алматылық ақхалаттылардың мәліметі басқа. Қалалық денсаулық сақтау басқармасына салсақ, жұқпалы аурулар ауруханасында менингит диагнозымен 32 науқас жатыр. Дәрігерлер 3 мың 500 адамның анализін Ұлттық сараптама орталығына тексеруге жіберген.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде штаб құрылды. Әр күні түскен науқастарға анализ жасалып, себептері анықталуда. Алматы облысының дәрігерлерімен бірге кездесіп, бірге жұмыс жасап жатырмыз.

Бекшин «менингит шарықтау шегіне жетті»  деп,  айтып үлгергенше, Астанада тағы екі тұрғын менигокок инфекциясын жұқтырған  деген күдікпен ауруханаға түсті. 33 жастағы ер-азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 38 жастағы келіншектің жағдайы бірқалыпты дейді дәрігелер. Сондай-ақ, Бекшин вакцинаның әсерін де айтты. Қазір адамдар салдырып жатқан екпе менингококтың А типінен ғана қорғайды екен. Жалпы бұл инфекцияның А, В, С деп аталатын  үш түрі анықталған.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- В типтен адамдарымызды қорғамайды. Сондықтан ауру таралып жатыр. Ертең В түрімен ауырып қаласыз.

Яғни, инфекцияның әр типіне қарсы  жеке-жеке вакцина қабылдағанда ғана пайдасы бар. Алматыда 360 адам ерікті түрде  екпе жасатыпты.  Жандарбек Бекшин жұртты әлеуметтік желілерде отырған «ақыл айтқыштарға» емес, дәрігерлердің сөзіне  құлақ асуға шақырды. Ал Алматы облысына барған Денсаулық сақтау министрі ақ халаттылардың біраз былығын әшкереледі. Елжан Біртанов Қаскелеңдегі науқастары дәлізде  жатқан жұқпалы аурулар ауруханасын жауып кеткен еді.

-Бас санитар дәрігердің айтуынша, Қаскелеңдегі  аурухана ақшаның жоқтығынан аянышты жағдайға жеткен. Оны күрделі жөндеуден өткізу,  не жаңа ғимарат салу мәселесі шешілуде. Және отандық дәрігерлер менингококтың қайдан шыққанын зерттеп жатыр екен. Қорытындысы екі аптадан кейін белгілі болады. Соған сай инфекцияның сырттан немесе  ел ішінен шыққаны  анықталады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде