{metadescription}
Алматы облысында мүгедек баланы өлтіріп алған тәрбиешінің соттағы сөзі елді шошытты
Алматы облысында мүгедек баланы өлтіріп алған тәрбиешінің соттағы сөзі елді шошытты

Алматы облысында мүгедек баланы өлтіріп алған тәрбиешінің соттағы сөзі елді шошытты

Балаларды бұрыннан байлайтын болған! Алматы облысында мүгедек баланы тұншықтырып өлтірді деп айыпталған интернат тәрбиешісіне қатысты  алғашқы сотта осындай дерек айтылды. Яғни, ақталмақ болған сотталушы, ауру балаларды төсекке таңып тыныштандыруды әріптестерім үйретті деп салды. Азапты әдістер мұнымен бітпейді екен. Жылап қоймаған балақайларға жындыхана көйлектерін де кигізетін көрінеді. Ал, бұған жауап беруі тиіс Талғардағы мүгедек балалар интернатының директоры болса сотқа мүлде келмей қалды. Ал орнына келген орынбасары ондайды «көрмедім» қарақан басын...

а қашты.

Түн ішінде мүгедек баланы тұншықтырып өлтірді деп айыпталып жатқан тәрбиеші, міне, осы. 30 жастағы келіншек өзін тым жайбарақат ұстаған. Оның сөздерінен, керісінше, соттағылар шошыды.

Мейіргүл Жалымова, сотталушы:

- Мен баланы, төсегіне байладым. Бірақ баланы мен ұрып-соғып азаптаған емеспін. Байлап қойғанда демалып тұрды бала.

Алғашқы сот отырысында-ақ баланы таңып байлағанын мойындаған күтуші ол әрекетінен ешқандай әбестік көрмейді екен. Айтуынша, әріптестері де мүгедек балаларды осылай байлап тыныштандырады екен. 

Мейіргүл Жалымова, сотталушы:

- Қай жерде жазылған баланы тынышталмаған жағдайда алып жөргекпен байлау деген? – Неге байлайсыз ? Мен көргенімді істедім.

Тәрбиеші бұл әдіс мүгедек балалар интернатындағы қалған 90 балаға да қолданылатынын айтып, сотқа қатысушыларды шалқасынан бір-ақ түсірді. Сөйтсе, жындыхананың тәсілін мұндағылар жылдар бойы қолданып келеді екен. Бірақ, сотқа куәгер ретінде шақыртылған басқа тәрбиешілер Жалымованың сөзін теріске шығарды, әрине. Тіпті, бала өзі ауру болатын деп оның өлімін кездейсоқтыққа баламақ болды. Сотталып жатқан тәрбиешісінің осы сөзінен сескенді ме интернат директоры сотқа өзі келмей, орынбасарын жіберіпті. Бірақ, судьяның сұсты сұрағына «көрмедім» деп құтылды.

Жарқын Нұрланұлы, «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

-Ондай жағдай бізде орын алғанын өз басым көрген жоқпын. Бірақ, ондай байлау, нұсқаулықта да, ережеде де жоқ.

Баласының көрген азаптарын өз құлағымен естіген әкесі көз жасына ерік беріп, сот залынан шығып кетті. Міз бақпай отырған күтуші тек осыдан кейін ғана жылап тұрып кешірім сұрады.   

Айман Омарова, жәбірленушінің адвокаты:

-Медбикесі   келіп жалған әңгіме айтып тұр. Балалардың барлығына "өлім көйлегін "жасаған.  Балалардың бәрін азаптаған деп санаймын.

Бірініші сот отырысы тараптардан жауап алумен аяқталды. Айта кету керек, бала өлімі бойынша сотталушы орындығында тек бір тәрбиеші ғана отыр. Десе де, жақын күндері оған, әріптестері қосылып қалуы мүмкін. Өйткені, жәбірленуші тараптың адвокаты басқа да балаларды азаптады деген күдікпен бүкіл ұжымның үстінен іс қозғауды сұрамақшы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде