{metadescription}
Ақмола облысында бітпес дауға айналған жер мәселесі егін егуге кесірін тигізді
Ақмола облысында бітпес дауға айналған жер мәселесі егін егуге кесірін тигізді

Ақмола облысында бітпес дауға айналған жер мәселесі егін егуге кесірін тигізді

Атбасар ауданында 11 мың гектар алқапқа дән себілмей қалған. Ал өңірде егіс науқаны аяқталып келеді. Жер иелері «Садовое-1» серіктестігінің техникасын әлі де қадам бастырмай, күні-түні күзетіп тұр. Олар өзіне тиесілі жерден пайда көрмей, әбден ашынғандықтан осындай қадамға барғанын айтады.

Онсыз да қолайсыз ауа райы қолбайлау болып, егіс жұмыстары биыл әбден кешеуілдеді. Ал Садовоеліктер одан сайын қиындыққа тіреліп отыр. Жерін даулаған жұрт тұқым себетін техниканы қарыс қадам бастырар емес. Күте-күте шаршаған кейбіреулер  салы суға кетіп, құрал-сайманын тастап кетіпті. Алайда өздерін жер иелері санайтын  ауыл тұрғындары шаршайтын емес. Ас-суын ала келіп, егіс басында түнеп жатқандарына бірнеше күн болыпты. Жеке көліктерін кесе көлденең қойып, өздері тұқым сепкіш техникаға жайғасып алған.

Людмила Лямина, жер үлескері:  

-Мында болып жатқан жағдайды білсеңіздер ғой.  Күресіп жатырмыз. Жерімізді қайтарсын. Мына егін еккісі келетіндерден бәрібір түк шықпайды. Сот шешімі шықпайынша, біз оларға жол бермейміз. Отырамыз осылай.

Үш жылдан бері жер үшін бірін бірі сотқа беріп, айғайы Астанаға дейін жеткен бұл мәселенің соңына  әлі де нүкте қойылған жоқ. Соңғы рет жер үлескерлері жер актісі заңсыз деп сотқа жүгініпті. Олар қазір «Садовое-1» серіктестігі басшыларының қолындағы құжат мәселесі анықталмайынша екі жақ та дән сеппейді деп тіресіп отыр. Тараптарды мәмілеге келтіруге аудан басшылары да бас қатырып отырған жоқ. Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жұртқа түсіндіруден шаршағанын айтып, егіс басына келмеді. Ал серіктестік өкілінің уәжі мынадай.

Сейілхан Мұхамеджанов, «Садовое-1» ЖШС өкілі:

-Бүгін бізге әкімдіктен қағаз келді. Неге егін сеппей жатырсыңдар деп сұрайды. Мен не, әдейі сеппей жатырмын ба? Енді оларға күш қолданбаймын ғой. Полиция да келсе, қарап тұрады анадайдан. Бұның бір шешімі болуы керек қой. Егісті тоқтатқаны масқара емес пе?! Заңды құжат бізде. 

-Көктемгі егіс кестесі бойынша  бүгін өңірде науқан аяқталуға тиіс. Алайда күні-түні қас қақпай техника алдын кес-кестеп тұрған тұрғындар не өздері сепкен жоқ, өзге ге де сепкізбеді. Осылайша 11 мың гектарға 1 түйір дән себілмей, ақыры оны қурай басатын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде