{metadescription}
Қызылжарда арақ сел боп ақты
Қызылжарда арақ сел боп ақты

Қызылжарда арақ сел боп ақты

Мұнда 50 мың бөтелке ащы су  мен үш мыңнан астам қорап темекі жойылды. Осы шаруаны қолға алған  бригада уақыт кетірмес үшін тіпті арнайы  қондырғы жасап шығарыпты.

Талап бойынша әр бөтелке ашылып, оның ішіндегі сұйық міндетті түрде кәріз құдығына төгілуі тиіс. Елу мыңнан астам бөтелкенің бәрін төмен қаратып ұстап тұру мүмкін емес. Содан болар, жұмысшылардың мұндай тапқырлығы жұртты таң қалдырды. Контрафактілік өнімдер айналасы үш айдың ішінде жиналған көрінеді. Қай жерде жасалғаны белгісіз арақтың дені оны әкетіп бара жатқан көліктерден табылған. Ал темекі өнімдері Қырғызстаннан Ресейге апара жатқан жерінен тәркіленген. Мамандар арақ пен шылымға сараптама жасап, сапасының  тәуір екеніне көз жеткізіпті. Дегенмен, тәртіп бойынша, мұндай өнім бәрібір жойылуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде