{metadescription}
Балықтың қас жауына айналған суқұзғындар
Балықтың қас жауына айналған суқұзғындар

Балықтың қас жауына айналған суқұзғындар

 

 

Шығыс өңірдегі Бұқтырма өзенінде соңғы кезде суқұзғындар көбейіп кетті. Олар балыққа ауыз салып, тіпті, торды жыртып тастайтын көрінеді. Ал құзырлы мекеме ашқарақ  құстарға қатысты мәселені шешуге асықпайды. Елімізде олардың көзін құртатын әдіс-амал қарастырылмаған деседі.

Өзен жағаланның өзегі талмайды. Шығыс Қазақстан облысындағы балықшылар үшін бұл тәмсіл терісінен келіп тұр. Себебі, соңғы кезде Бұқтырма өзенінде суқұзғын қаптап кетіпті. Жыртқыш қанаттылар балықтың кішкентайын жеп, үлкенін жағаға лақтырып тастайды.

Владимир Ефремов, балықшы:

-Бұрындары бір ғана тормен бірнеше балық аулап , жүз метрлік торды біраз уақытқа жеткізетінмін. Ал қазір ол мүмкін емес, суқұзғындар торымды тесіп, аулаған балықтарды жеп тастауда.

Суқұзғынның бір тәуліктегі қорегі бес келіге жуық. Әрі олардың ұя салуы қоректенген сайын жиілей түседі. Мұнда сондай ұяның мыңға тарта түрі бар. Әрбірінде кемі үш, бес балапан бар. Құстардың саны азаймай,  керісінше күн санап артып жатқаны жағалау тұрғындарын алаңдатады. Ал құзырлы мекеме, суқұзғындарды жою жөнінде арнайы заң мен ереже енгізілмегенін алға тартады. Тіпті аңшылардың өзі әйгілі қанаттыларға қызықпайтын көрінеді. 
Василий Ткаченко, ШҚО Орман және аңшылық шаруашылығы жедел жасақ бастығының орынбасары
– Аңшылар да бұл құстың түріне аса қызығушылқ танытар емес. Ал біз өз кезегімізде суқұзғындарды атып құқықтық норманы бұза алмаймыз. Алдағы уақытта жою шаралары енгізіледі деп сенеміз. 

Күн санап көбейген суқұзғындарына тиісті шара қолданылмаса ашқарақ құстар Марқакөл өзеніне де ауыз сала ма деген қауіп бар. Олай болған жағдайда судағы жәндік күрт азаюы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде