{metadescription}
Алматыда тауда суретке түсу үшін туристерден  ақша талап етіп жатыр
Алматыда тауда суретке түсу үшін туристерден  ақша талап етіп жатыр

Алматыда тауда суретке түсу үшін туристерден ақша талап етіп жатыр

Тау табыс көзіне айналған ба! Алматыда туристер тауда алынатын жаңа төлемақыға көңілі толмай отыр. Онсыз да қорыққа кіреберісте әр адамнан 420 теңге алатын инспекторлар енді келушілерден суретке түскені үшін де ақша талап ете бастапты. Тіпті, бағасына дейін бекітіп қойған. Сурет құны – 25 мың, ал таспаға түсу бақандай 55 мың теңге. Қорық қызметкерлері тек кәсіби фотографтардан ғана ақша алып жүргенін айтады. Ал туристердің уәжі басқа.                       

Іле-Алатауының етегін тамашалауға келгендер төлемақыдан көз ашпайтыны айтады. Мұнда аттап бассаң, ақша төлеуге тура келеді. Енді тал мен теректің қасында суретке түсу де ақылы болыпты. Бұған туристер наразы.

Ақжол Жүнісов, турист:

-Не үшін ақша төлеу керек? Менің ойымша, бәрі тегін болу керек. Мынау мемлекеттің жері. Егер 20 мың төлейтін болса, ешкім фотоға түсірмейтін болады. 

Ал табиғатта суретке түсу құны – 25 мың, ал видеотүсірілім бақандай – 55 мың теңге болған. Оны төлегісі келмей, күзетшілермен сөзге келіп қалғандардың бірі – Ғалымжан Асқаров. Қолынан таспасы түспейтін жігіт тауда достарын түсіріп жүріпті.       

Ғалымжан Асқаров, Алматы қаласының тұрғыны:

-Қарсымын! Себебі, БАО-ға барғанда біз экопостқа төлейміз ақша.Жетпей ме сол? 

Ақыры ол түсірген суреттерін өшіруге мәжбүр болыпты. Ал тауға келгені үшін бір рет, суретке түскені үшін екінші рет ақша ала бастаған «Іле-Алатауы» ұлттық паркі қызметкерлері бәрін жоғары басшылыққа сілтеп отыр. Олардың айтуынша, Орман шаруашылығы Комитеті сондай бұйрық шығарған.

Дулат Әбенов, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық бағының баспасөз хатшысы

-Комитетің бұйрығы  бүкіл республика аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктарға күші жүреді. Яғни, әр парктің өзінің тарифі бар. Ол ақша мемелкеттік парктің шотына жұмсалады. Яғни, ол Іле-алауы ұлттық табиғи паркінің жұмыскерлеріне жалақысына бөлінеді.

Алматы облысында қорықта суретке түскені үшін 20 адамнан төлемақы алынған. Ал белгілі заңгер Айман Омарова бұлай суретке түсуден ақша алуды  заңсыз деп есептейді.    

Айман Омарова, заңгер:

-Бұйрықта сол 14-тармақты әкімшілік өзіне қалай қолайлы болса, солай қолданып жатыр. Ешнәрсе істемей, тек қана сенің фотоаппаратыңа қарап тұрып сенен ақша алу деген ол дұрыс емес деп санаймын. Заңсыз деп санаймын. Сол үшін прокуратура оған өзінің тексерісін бастау керек. Онда паркке не үшін елдер барады?Егер онда суретке түсе алмайтын болса, онда үйінде-ақ отырмай ма?

Қорықшылар елімізде туризмнің көсегесін көгертуге бас қатыра қоймайтын сияқты. Олар керісінше, көк түтінді көліктерді тегін кіргізіп,  фотоаппарат ұстағандарды үркітіп әлек.

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде