{metadescription}
​Ақтөбеде медициналық тексеруден өтуге келген науқас дәрігерді пышақтап тастады
​Ақтөбеде медициналық тексеруден өтуге келген науқас дәрігерді пышақтап тастады

​Ақтөбеде медициналық тексеруден өтуге келген науқас дәрігерді пышақтап тастады

51 жастағы тұрғынға жас маманның неге жақпай қалғанын әзірге ешкім түсінбей отыр. 

Қарны жарылған дәрігер ауруханада жатыр. Пышақтың ұшы абырой болғанда терең кірмепті. 26 жастағы Дмитрий Бабич бұл емханаға дәрігер болып былтыр ғана орналасқан. Пацинеттерінің осылай өзіне шабуыл жасайтынын еш күтпедім дейді. Айтуынша, бүйрегі ауыратын тұрғын қолындағы пакетіне пышағын жасырып бөлмеге кіреді. Кіре салысымен жас маманға тап беріп, суық қаруын қарнына сұғып алыпты. Артынша, қолға түскен күдікті не себепті қылмысқа барғанын түсіндіріп бере алмады. Үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, қазір бостандықта. Өйткені, бүйрегінің ауруы асқынып ол да ауруханаға түскен.

Дмитрий Бабич, зардап шеккен дәрігер:

-Көзі шатынап кеткен. Қасыма келді де  ішіме пышақты сұғып алды. Өзім түсінбей қалдым. Сосын қарнымды ұстап сыртқа қаштым. Ал науқасты қасымдағы мейірбике бөлмеге қамап тастады. Енді өзім арыз жазбасам да, болған оқиғаға қатысты іс қозғалды ғой. Жазасын алатын шығар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде