{metadescription}
Әйгілі Илья Ильин айырылған алтындарын  қайтара ала ма?
Әйгілі Илья Ильин айырылған алтындарын  қайтара ала ма?

Әйгілі Илья Ильин айырылған алтындарын қайтара ала ма?

Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды! Допинг дауынан кейін екі жыл ресми түрде спорттан шеттетілген ол Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шектеуінен құтылды. Ол енді қыркүйекте өтетін Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңіп шығуды көздеп отыр. Бірақ тағдырын тәлкекке салған допинг дауынан кейін психологиялық дайындығын бұзып алмас үшін шетелде жеке-дара дайындалып жатыр екен. Екі жыл үзілісте әйгілі зілтеміршіміз не істеді? Қайда болды?

Ильиннің бүгін көңілі жайдары. Тілшілер алдында мәлімдеме жасауға іштей әбден дайындалып келген. Өзі де екі жылдық үзілісті босқа өткізбепті. Айтуынша, ағылшын тіліне ден қойған. Сол үшін АҚШ-тың Бостон қаласына да барып қайтыпты.

Ал спорттық бабын жоймағанын осылай әлеуметтік желілерге жариялап отыруды дағдыға айналдырған. Қыруар еңбекпен келген екі Олимпиаданың алтынынан айырылу оңай болмады дейді өзі. Сондықтан психологиялық тұрғыдан жақсы дайындау үшін демеушілердің көмегімен Бухарестке кетіп, сонда жаттығып жүр екен. Әзірге мақсаты – Қазақстан чемпионатында жеңіске жету.

Илья Ильин:

-Әзірге алдағы мақсат – Қазақстан чемпионатында жеңіске жету. Соған қатты дайындалып жатырмын. Менің салмағымда Александр Зайчиков бар. Мықты тартыс болады деп ойлаймын.

Алайда, Ильиннің қазіргі көтеріп жүрген салмағы аса жоғары емес. Ол Лондон Олимпиадасында 94 келі салмақ дәрежесінде 185 және 233 келіні ойланбай көтерді. Ал 2015 жылы Грозныйда, Ресей президентінің кубогында 191 және 246 келі салмақтарды бағындырып, серпе көтеру мен жалпы салмақ бойынша әлемдік рекорд орнатты. Ал қазіргі көтеріп жүргені осы көрсеткіштердің маңайына да жуымайды.

Илья Ильин, ауыр атлет:

-Жұма күні жұлқа көтеруден 172 келі, серпе көтеруде 212 келіні бағындырдым. Бұл әзірге жақсы көрсеткіш деуге болады. Ал өз салмағымды 100-103 келі аралығында ұстап жүрмін. Жарыста сол 105 келіде шығамын деген ойдамын.

Қазақстандық ауыр атлеттерге қырғидай тиген допинг дауы 2016 жылы басталған еді. Сараптама қорытындысында Ильиннің ағзасынан станозолол мен дегидрохлорметилтестостерон табылған. Ал мұндай препараттарды қолдануға мүлдем болмайды. Онымен бірге Мая Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедовалар да осындай жағдайға ұшырап, бәрі Рио Олимпиадасына бара алмай қалды.  

-Ильин қазір барлық Олимпиада алтындарынан айырылған. Оның 4 дүркін әлем және екі дүркін Азия чемпионы деген атағынан басқа түгі жоқ. О баста спорттық  ғұмырын Токио олимпиадасының алтынымен аяқтасам деген арманы болған екен. Бірақ қазір бұл туралы айтқысы келмейді. Ол үшін ендігі мақсат – ел чемпионатында ойдағыдай топ жарып, Олимпиадаға жолдама ұтып алу.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.