{metadescription}
СҚО-да суға кеткен баланы іздеуге тұрғындар да тартылып жатыр
СҚО-да суға кеткен баланы іздеуге тұрғындар да тартылып жатыр

СҚО-да суға кеткен баланы іздеуге тұрғындар да тартылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында үш күннен бері Есіл  өзеніне  абайсызда құлап кеткен 7 жастағы бала табылар емес. Оны іздеуге құтқарушылармен бірге бүкіл Новоникольск ауылының жұрты жұмылған.

Оқиға өткен сенбіде кешке қарай болған. Балалар ауылдан бір шақырым жердегі көпірге ойнауға барған екен. Аяғы абайсызда тайып кеткен 7 жастағы Денис Захаревич жақтауы жоқ темір өткелден суға құлап түскен. Қасында тұрған досы дереу ауылдықтарды көмекке шақырыпты. Құтқару ісін бірден бастаған төтенше жағдай қызметінің мамандары бар күшімізді жұмылдырдық дегенімен, әлі нәтиже жоқ. Екі сүңгуірлер бригадасы алма кезек су астында жүр. Оларға елуге тарта ерікті мен ауыл жұрты қосылған.  

Алтай Тезекбаев, СҚО ТЖД  шұғыл құтқару  жасағының  жетекшісі:

-Мына жерде жұмыстың қиыншылығы – судың ағысы, су асты көрінбейді. Су астында ағаштар көп. Сондай кедергілер арқасында ақырындап жүріп келе жатырмыз, бүгінгі уақытта суңгуірлер 2,5 км төменге түсті. Қазір екінші тобымыз осы жерде қайтадан бастайды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде