Білектілердің де білімі сыналады! Енді мемлекеттік грант алу үшін спортшының атақ-дәрежесі, чемпиондық мәртебесі жеңілдік ретінде қарастырылмайды. Жақында «Білім беру туралы» заңға енгізілген өзгеріс спорт саласының басы-қасында жүрген мамандар мен спортшылардың наразылығын туғызды.
Елімізде спортшылардың атақ-дәрежесі грант бөлу кезінде ескерілмейтін болды

Мұхтар ЕСҚАЛИЕВ Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры:

-Бұл неге әкеліп соғады? Яғни, әлем, Азия, Олимпиада чемпиондарының құқықтарының шектелуіне деп айтуға болады.Тиісті орындарға хат жаздық. Дене шынықтыру және спорт мамандығы кенже қалмаса деген ойымыз. Таланты спортшылар білім грантынан қағылмау қажет.

Заңда спортшылардан бөлек математика, химия, физика сияқты, пән олимпиадаларының жеңімпаздары да жеңілдіктен қағылды. Мамандар 16 мамырда қабылданған заң әсіресе, ел намысын қорғайтын спортшылардың еңбегін бағаламау дейді. Себебі, апталап-айлап оқу-жаттығу жиындарында тер төгетін саңылақтар әлемдік ареналарда ел абыройын асқақтатып, көк туымызды желбіретеді. Енді сол чемпиондардың тегін жоғары білім алуы қиындай түспек. Олардың дәрежесі спорт саласына енді келген талапкермен тең болады. Яғни, кімнің емтиханда асығы алшысынан түседі, сол мемлекеттік грант иегері атанады. Сондай-ақ, биыл дене шынықтыру саласына грант екі есе аз бөлінген. Республика бойынша 42 университетке бар-жоғы 450 грант қана.

Ермахан ЫБРАЙЫМОВ Сидней Олимпиадасының чемпионы:

- Спортшылар өздеріңіз білесіздер жарыста жүргендіктен сабаққа   көп көңіл бөле алмайды. Оларға жоғарғы нәтижеге қол жеткізу керек. Сол себепті  спортшыларға міндетті түрде грант бөлу керек. Мемлекеттік грант. 

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...