Үкімет мемлекеттік мекемелер атқарып жүрген бірнеше қызмет түрін  кәсіпкерлердің қолына бермек. Ұлттық экономика министрі «Кәсіпкерлік туралы» заңға ұсынылған өзгерістерді бүгін Мәжіліске алып келді. Сонымен, Үкімет 130 қызметті бизнеске беруді жоспарлап отыр.
​Елімізде мыңнан астам шенеунік жылы орнымен қош айтысуы мүмкін
​Елімізде мыңнан астам шенеунік жылы орнымен қош айтысуы мүмкін

​Елімізде мыңнан астам шенеунік жылы орнымен қош айтысуы мүмкін

Үкімет мемлекеттік мекемелер атқарып жүрген бірнеше қызмет түрін  кәсіпкерлердің қолына бермек. Ұлттық экономика министрі «Кәсіпкерлік туралы» заңға ұсынылған өзгерістерді бүгін Мәжіліске алып келді.

Сонымен, Үкімет 130 қызметті бизнеске беруді жоспарлап отыр. Мәселен, жаңа заң қабылданған соң экологиялық аудитты  жеке компаниялар жүргізуі мүмкін. Қазір елімізде 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Депутаттар бұл 18 миллионнан астам халқы бар Қазақстан үшін өте көп дейді. Ал кімді және қалай қысқартатынын Үкімет пен Президент аппараты шешеді. Дегенмен, мәжілісмендер атқарушы билік жұмыссыз қалған шенеуніктерді шетінен  босатады дегенге күмәнданып отыр. Өйткені мемлекеттік қызмет кәсіпкерлерге берілгенімен, бұл саладағы бюджет шығыны қысқартылмайды екен. Ал депутаттар бұлай болмайды деп отыр.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Бұрын мемлекеттік органдар атқаратын функцияларды мемлекеттік емес ұйымдарға бергенде, шенеуніктерді қысқарту жайын көтергенбіз. Онымен қоса  оларға жұмсайтын бюджетті де қысқарту керек деген талап қойдық.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.