Таразда самбо әдісімен тас жолға жолушыны атып ұрған полицейдің әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр. Әлеуметтік желіге тараған видеоны көргендердің басым бөлігі тәртіп сақшысын қолдап отыр. Бүгін осы шу болған жағдайға қатысты инспектордың өзі де түсініктеме берді.
Таразда самбо әдісімен адамды атып ұрған полицей өз әрекетін түсіндірді

Бұл оқиға тапа-тал түсте қаладағы басты көшелердің бірінде орын алған. Куәгерлердің сөзінше, жол қозғалысын реттеп тұрған полицейге жолаушы келіп тиісе жөнелген. Яғни жеңіл машиналардың бірінің жолаушысына  тәртіп сақшысының көлікті жібермей қоюы ұнамапты. Сол үшін инспекторды боқтаған. Бұған намыстанған ол балағаттаған азаматты жауапқа тартқызу үшін бөлімшеге әкетпек болады. Бірақ ол қарсылық білдіріп, заң өкілінің жағасына жабысқан. Осы сәтте лейтенант Қуаныш Ақпанов оған қарсы самбо әдісін қолданып, жерге атып ұрған. Ал, тәртіп сақшысын балағаттаған азамат енді айыппұл төлейді. 

Қуаныш Ақпанов, Жол патрульдік полиция инспекторы:

-Ол ары қарай қарсылық көрсетіп, менің жағамнан алып, күш көрсете бастады. Сол себепті біз қызметтік жауынгерлік тәсіл көрсетіп, құлатып, қолын қайырып, Тараз қаласы ішкі істер басқармасының бірінші полиция бөліміне жеткіздік.

Кеше2

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...