Ұстаздарды қолбала қылып жұмсағанды қою керек! Мәжіліс депутаты мұғалімдердің сөзін сөйлеп,  Білім министрлігіне тағы ескерту жасады. Яғни Ирина Смирнова ұстаздарды ҰБТ ұйымдастыруға мүлдем араластырмауды талап етіп отыр. Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты: -Білім министрлігі, әкімдік...
Депутат ұстаздарды тестілеуге араластырмауды талап етті
Депутат ұстаздарды тестілеуге араластырмауды талап етті

Депутат ұстаздарды тестілеуге араластырмауды талап етті

Ұстаздарды қолбала қылып жұмсағанды қою керек! Мәжіліс депутаты мұғалімдердің сөзін сөйлеп,  Білім министрлігіне тағы ескерту жасады. Яғни Ирина Смирнова ұстаздарды ҰБТ ұйымдастыруға мүлдем араластырмауды талап етіп отыр.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

-Білім министрлігі, әкімдік ұстаздарды қолайлы жұмыс күшіне айналдырып алған. Шәкірттер  аттестат алған соң,  мектепте  мұғалімнің  оқушы алдындағы  міндеті де аяқталады. Ал директорлар ҰБТ-ға талапкерлерді тасуды да  мұғалімнің мойнына іліп қойған.

Смирнова оқу аяқталған соң мұғалімдерді қоғамдық, ұйымдастыру жұмыстарына араластырмауды бұған дейін де талап еткен. Ол кезде Білім министрлігі биыл  ұлттық тестке ұстаздар қатыспайды деп сендіріпті. Алайда жылдағы әдет  тағы қайталанып отыр. Оқу аяқталғаннан  кейін мұғалімдерді жұмысқа жегу  заңсыз және ұстаздардың мәртебесін түсіреді  дейді депутат. Сондай-ақ, ол ҰБТ тапсыру, одан сүрінбей өту  әр талапкердің жеке шаруасы екенін аталған министрлік пен әкімдіктегілердің есіне салды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...