{metadescription}
Төпелеп жауған жаңбыр семейліктерді есеңгіретіп тастады
Төпелеп жауған жаңбыр семейліктерді есеңгіретіп тастады

Төпелеп жауған жаңбыр семейліктерді есеңгіретіп тастады

Толассыз жауған жаңбырдан естерін енді жинаған семейліктер шығындарын есептеуге кіріскен. Әсіресе,бағбандар көп зардап шекті. Бұршақ аралас жауған жаңбыр бау-бақшаны түгелдей отап түсіріпті.

Әсіресе қызанақ пен қияр қатты зардап шеккен. Көшеттердің сорайған сабақтары ғана қалса, өсіп келе жатқан қиярдан мүлдем түк қалмапты да. Ал, даладағы егіс алқаптарындағы жағдай тіптен мүшкіл. Бұдан бөлек телегей жауын автокөлік иелерін де біраз шығынға батырған. Ал, құтқарушылар болса қаланы судан құтқаруға бір түнімізді сарп еттік дейді. Өйткені, төрт бірдей басты көше көлкіген судың астында қалыпты. Кей жерлерде тереңдігі бір метрге дейін жеткен.

Еркін Сағындықов, «Семей Су Арнасы» МКК директоры:

-Жолдардың барлығы су астында қалды. Сондықтан оны тазарту үшін 20-дан астам арнайы техника дереу жұмылдырылды. Сонымен қатар,  төрт су сорғыш моторды да іске қостық. Жалпы, түнімен 3 мың 600 куб су сорылды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде