{metadescription}
Астаналық зейнеткер ауладағы жыныстық қатынас жайлы Қасымовқа шағымданды
Астаналық зейнеткер ауладағы жыныстық қатынас жайлы Қасымовқа шағымданды

Астаналық зейнеткер ауладағы жыныстық қатынас жайлы Қасымовқа шағымданды

Ауладағы жыныстық қатынас, шашылған мүшеқаптар мен сыра бөтелкелері. Бүгін халық алдында есеп берген Ішкі істер министріне тұрғындар ыңғайсыз сұрақтар қойып, оны әбден тығырыққа тіреді. Тіпті Қалмұханбет Қасымовқа өзінің жеке мәселесін айтып шешіп алмақ болғандар да жетерлік. Бірақ, генералдың жиынына  кіру оңайға соққан жоқ.

Әдетте министрлердің халық алдында есеп беруі ың-шыңсыз өтетін. Бірақ кезек Қалмұханбет Қасымовқа келгенде, «Қазмедиа» ғимаратының алды полицейлерге толы болды. Тіпті арнайы жасақ автобуспен келіп, айналаны қатаң күзетке алған. Сыртта жұрт осылай кіре алмай жүргенде, іште Ішкі істер министрі елдегі  қылмыстық ахуал жайлы баяндады. Қасымов ең әуелі  есірткі саудасының өршіп тұрғанын айтты.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-Әсіресе, Ауған героині, Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер қауіп төндіруде. Әрі Шуды айтпағанда Қызылордалықтар да  Үнді қарасорасын өсіруді әдетке айналдырған. Соңғы жылдары 150-ден астам есірті алқабы табылып, 215 тонна наша тәркіленді.

Ал есірткі саудасын қыздырғандарды ұстау оңай емес. Көбі интернет арқылы жасырын жұмыс істейді дейді министр. Әрі зорлық, адам өлтіру секілді ауыр қылмыстан бастап ұрлық-қарлыққа дейін өршіп тұр. Әсіресе, ұялы телефонды сып еткізіп, көлікті тонап кететіндер көп. Ал мұндай қылмысқа итермелейтін – арақ, дейді Қасымов. Ішімдік ішіп, заң бұзатындардың көбі ақтөбеліктер екен. Астана да қалыспайды. Бүгін осындай маскүнемдерден мезі болған зейнеткер министрге шағымданды.

-Аулада арақ ішіп қана қоймайды, қыз-жігіттер жыныстық қатынасқа түседі. Мүшеқаптарын жан-жаққа лақтырып кетеді. Учаскелік инспекторлар ештеңеге мән бермейді.Балалар алаңы емес, қоқыс алаңы.

Тіпті Қасымовқа өзінің жеке басының мәселесін айтып көмек сұрағандар көп. Соның бірі - мына кісі.

-Мен сотталып кетемін бе қорқамын. Не үшін? Мені Павлодардан мында әкелді сіздің қызметкерлеріңіз. Таксишіге  ақша төлеп. Таксиші полицейлердің ақша төлеп Астанаға жеткізгенін бірінші рет көріп тұрмын деп таңқалды.  

Түстен кейін сізбен кездесеміз де сіздің сұрағыңызды шешеміз.

-Оған дейін ұстап алып кетпей ме мені?

-Жоқ .

-Осылайша, тұрғындардың сұрағына екі сағатқа жуық жауап берген Қасымов қол астындағыларды жарылқауды да ұмытқан жоқ. Оның айтуынша, елімізде 35 мыңға жуық полицей әркімнің босағасында жүр. Сондықтан енді оларға біртіндеп  пәтерге қажетті ақша үстемақы ретінде төленіп тұрмақ. Оны алдымен тергеушілер мен криминалистер алады екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде