{metadescription}
Петропавлда көлік тонайтын әккі  ұрылар ұсталды
Петропавлда көлік тонайтын әккі  ұрылар ұсталды

Петропавлда көлік тонайтын әккі ұрылар ұсталды

Петропавлда ұрылар бір түнде аулада тұрған сегіз көліктің терезесін сындырып, ішіндегілерін тонап кеткен. Ертеңіне-ақ  ұсталған олардың екеуі кәмелет жасына да толмаған екен.

Үш қарақшы дабыл қаққышы жоқ көліктерді таңдапты. Терезені балғамен ұрып сындырып, машина ішіндегі құнды заттарды үптеп кеткен. Көбінің капотын ашып, аккумуляторларын алыпты. Сыбайластар ұрлыққа қолғап, балға сайлап, тыңғылықты дайындалған. Бұрын да тәртіп сақшыларының назарын аударып жүрген жігіттер ертеңіне -ақ  ұсталды.

 -Көбіне аккумуляторларын шешіп алдық. Оны  темір-терсек өткізетін жерге апарып 3 мың теңгеден өткіздік. Түскен ақшаны өз керегімізге жараттық.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде