{metadescription}
СҚО-да суға кеткен баланың мәйіті табылды
СҚО-да суға кеткен баланың мәйіті табылды

СҚО-да суға кеткен баланың мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысында осыдан тура бір апта бұрын суға абайсызда құлап кеткен 7 жасар баланың мәйіті табылды. Денис Захаревичтің денесі оқиға орнынан 10 шақырым жерге дейін ағып кетіпті.

Денистің жанында болған баланың айтуынша, ол қолындағы таяғын өзенге түсіріп алып, соны алмақ болған екен. Абайсызда аяғы тайып кеткен ол темір көпірге басын соғып, есінен танып, суға құлапты. Өкпесінде ауа болғандықтан ұзақ уақыт су бетіне шықпаған. Араға бір апта салып бауыры ісінген мәйіт оқиға орнынан  10 шақырым жерден табылды. Оны құтқарушылармен бірге әкесі бірінші болып көріпті. Арнайы сараптамадан соң ғана туыстарына берілген баланың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

Нұрлан Қолқашев, СҚО ТЖД құтқару жасағының құтқарушысы:

-Мәйітті тәртіп сақшыларына бердік. Қайғы жұтқан әкесі баласын қолына алып, жаяу тура үйіне кетпек болып еді. Еңгезердей кісіні полиция келгенше бірнеше адам болып  әрең ұстап тұрдық. Ер кісі болса да, қатты дауыстап жылады.  

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде