{metadescription}
Шудан тікелей эфир: Апат себебін анықтауға  шетел мамандары  көмектеспек
Шудан тікелей эфир: Апат себебін анықтауға  шетел мамандары  көмектеспек

Шудан тікелей эфир: Апат себебін анықтауға шетел мамандары көмектеспек

Жамбыл облысында болған темір жол апатының себебін арнайы комиссия тексеруге кірісті. Тіпті Ресейден арнайы мамандар шақырылыпты.  Қорытындысы тек бір айдан соң ғана шығады.

- Жолаушы өліміне соқтырған апатқа қатысты көлік комитетінің төрағасы  мен Қазақстан темір жолы президенті Шуға арнайы келіп, тілшілерге түсініктеме берді. Тіпті Ресейден арнайы мамандар алдыртып, апаттың себебін анықтауға кірісіп кеткен.

ӘСЕТ АСАУБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Пойыздың жарамдылығы бәрі дұрыс.  Машинист тежегішпен  шұғыл тоқтатқан. Себебін комиссия айтады. Сараптама жүріп жатырШетелден маман шақырдық.  

Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сол күні Бəйтеректі тізгіндеген машинист кеше келген маман емес екен. Бақандай 25 жыл пойыз жүргізген жəне сол күні жылдамдықты асырмадым деп отыр. Қазір одан тергеушілер жауап алып жатыр. "Қазақстан темір жолы" басшылығы қажет болса, сол күні пойызға мінген, бірақ діттеген жеріне жете алмай қалған жолаушыларға ақысын қайтарып береміз деді. Бірақ əзірге 800 жолаушының тек 76-сы билет ақысын қайтарып алыпты. Апаттың салдарынан талай адам жолынан қалды. Шу арқылы өтетін жолаушылар пойызы 4-5 сағатқа кешігіп жатыр.  Қаза тапқан баланың отбасына 2 млн теңгеден астам жәрдемақы төленетін болды. Сондай-ақ зардап шеккендерге де материалдық көмек қарастылыпты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.