Ақышев тұрғындарға бірнеше кеңес берді
Бас банкир тұрғындарға ақша айырбастау орталықтарына жөнсіз жүгіре бермеуге кеңес берді. Данияр Ақышевтің ойынша, доллар мәңгі бір орында тұрмайды. АҚШ ақшасы да кез-келген уақытта құлдырауы мүмкін.
Автор: Жәудір Оразхан
21.06.2018
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
-Шетел валютасын аса қажет болған жағдайда ғана сатып алуға болады. Ал еш себепсіз теңгені долларға айналдыру дұрыс емес. Былтыр жазда жұрт жаппай ақша айырбастау орталықтарына жүгіріп, теңгені ауыстырды. Кейін шетел валютасының құны түсіп кетті, оны көрдіңіздер.
Ақышевтың айтуынша, жылда маусымда жұрттың көбі шетелге демалуға, оқуға кететіндіктен АҚШ ақшасына сұраныс күрт артады екен. Осы кезде теңге аздап құлдырайды. Бұл – уақытша құбылыс. Ұлттық валюта жақында қайта нығаюы мүмкін дейды бас банкир. Қазір доллардың ресми бағамы 341 теңгеден асып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары