{metadescription}
Павлодарда жанармай  құйылған цистерна жарылды. Зардап шеккендер бар
Павлодарда жанармай  құйылған цистерна жарылды. Зардап шеккендер бар

Павлодарда жанармай құйылған цистерна жарылды. Зардап шеккендер бар

Павлодарда жанар-жағармай құйылған цистерна жарылып, екі өрт сөндірушіні күйік шалды. Жалын автотұраққа қойылған КаМаз көлігінен шыққан екен. Кейін 16 тонналық жанар-жағармайға толы цистернаға көшіпті. Алоны сөндірмек болған екі маманның денелерін күйік шалып, ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бет-аузы мен қолы күйіп қалған Дидар Рүстемов өрт шықты деген хабарды ести сала, әріптестерімен дереу сонда бет алғанын айтады. Оқиға орнына жеткендерінде бензин құйылған цистернаның отқа оранғанын көріпті. Жалынмен арпалысқан олар өрттің сол жердегі өзге көліктерге көшпеуі үшін қолдан келгенді жасаған. Бірақ, от күтпеген жерде қайта тұтанып, өрт сөндірушілердің өзін құтқаруға тура келген.

Дидар Рүстемов, өрт сөндіруші:

– Жағдай оңалған сәтте цистернаға мініп, оны салқындатуды жөн санадық. Кенет өрт қайта тұтанып, көзді ашып-жұмғанша күшейіп кетті. Секіруге тура келді. Әріптестерім көмектеспесе, жағдай басқаша аяқталар еді. Құдай сақтап, аман қалдым.

Төтенше оқиға кеше кешке шаһар сыртындағы автотұрақтардың бірінде болған. Өрт алдымен бензин толы пластик ыдыстар тиелген «Камаздан» басталып, сол жердегі жанар-жағармай құйылған цистернаны шарпыған. Отпен бір сағат арпалысқан мамандар ол жерде бірнеше қауіпсіздік ережесі бұзылған деп отыр.
Қазбек Бисекеев, Павлодар облысы ТЖД бөлімінің басшысы:

-Алдын ала болжам –  жөндеу жұмыстарын жасау кезінде техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы.Өрт кезінде камаздың үстінде пластикалық бөтелкелер болды және қасындағы цистерна лапылдап жатты.Пластикалық бөтелкелерді енді жанар-жағармай тасымалдауға тыйым салынған.

Ал ақхалаттылар болса, өрттен зардап шеккен екінші өрт сөндірушінің аяғы сынған дейді. 44 жастағы ер адамға шұғыл ота жасалған.

Жан Мүбәрәков, ортопед-травматолог дәрігер:

-Жедел-жәрдеммен жеткізілді. Бет-аузы күйіп қалған. Аяғы сынғандықтан, шұғыл ота жасауға тура келді. Ем-дом қабылдап жатыр.Қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Ал 16 тонналық бензин цистернасы өртенген аумақ жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі болып шықты.

-Қазір бұл оқиғаға қатысты арнайы тексерістің басталғанын айта кетейік. Ал төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сенсек, қос өрт сөндірушіге қызметтік борышын өтеу барысында жарақат алғандары үшін арнайы өтемақы төленуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде