{metadescription}
Астанада жол апатынан қыршын кеткен Олжас Сүлейменовтың немересі күзде үйленбекші болған
Астанада жол апатынан қыршын кеткен Олжас Сүлейменовтың немересі күзде үйленбекші болған

Астанада жол апатынан қыршын кеткен Олжас Сүлейменовтың немересі күзде үйленбекші болған

Алматыда белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов немересін ақтық сапарға шығарып салды. Ескендір Сүлейменов үш күн бұрын Астанада жантүршігерлік  жол апатынан қаза тапқан еді. 

Елорданың қақ ортасындағы үлкен көшелердің қиылысында мотоцикл мінген 26 жастағы жігітті «Hyundai» қағып кетеді. Жазушының немересі оқиға орнында тілге келмей көз жұмды. Астаналық полицейлер автокөлікті тізгіндеген 29 жастағы жүргізуші қызға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сонымен қатар  көшедегі камералардан жазба алынып, сұмдық апаттың қалай болғанын жіті тексеріп жатыр. Достарының айтуынша, Ескендір Италия, Францияда оқыған. Марқұм елге жақында көшіп келіпті. Қыркүйекте үйленейін деп жүрген екен.

Малика Минизи, марқұмның досы:

-Ескендір мотоциклды он күн бұрын ғана сатып алған еді. Сондықтан ол  өте мұқият, байыппен  жүргізетін. Астанада апат болған жерге мен екінші болып жеттім. Рөлде болған қыз да қарапайым  адам емес. Мен келгенде ол көлігін тастап, оқиға орнынан кетіп қалыпты. Кінәлі адам міндетті түрде жазасын алуы керек.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде