{metadescription}
Теңіз кен орнындағы апаттың ақиқатын енді экологтар айтпақ
Теңіз кен орнындағы апаттың ақиқатын енді экологтар айтпақ

Теңіз кен орнындағы апаттың ақиқатын енді экологтар айтпақ

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында болған апатты жағдайға қатысты жергілікті экологтар тексеріс бастамақ. Ал «Теңізшевройл» компаниясының басшылығы бұған байланысты жібі түзу ақпарат таратуды артық санаса керек, жүрдім-бардым жауаппен құтылды.

Зауыт қызметкерлері таратқан бейнетүсірілімдерге қарағанда, оқиға 23 маусым күні түс әлетінде орын алған. Аяқ астынан дабыл қағылып, қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілген. Мына кадрлерден олардың автобустарға асығыс отырып жатқанын көруге болады. Әдетте мұндай жағдайларда басын бұғып  қалатын немесе мүлде үнсіз отыратын компания өкілдері бұл жолы зауыттың мұнай дайындайтын қондырғысының құбырынан газдың кеткенін мойындады. Айтуларынша, бұған технологиялық ақау себеп болған. Соның салдарынан құбыр бойындағы артық газ сыртқа шыққан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпепті. Енді ертең тексеріске кіріскелі отырған экологтар толыққанды ақпаратты он күннен соң айтамыз деп отыр. Айта кетейік, дәл осындай жағдай «Теңізде» өткен жылы да болған еді. Ол кезде мұнай алпауыты ауаға зиянды заттарды шектен тыс таратқаны үшін 300 миллион теңге айыппұл төлеген.

Абзал Теміров, Атырау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

-Ертеңнен бастап департамент мамандарымен жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Нақты болған жағдайлар, ауада жанған газдың құрамы, көлемі тексеріс уақытында анықталады. Егер де экологиялық кодекстің заң талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік-құқық бұзушылық кодексімен айыппұл салынады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.