{metadescription}
Ресейден тауық етін тасымалдауға салынған тыйым бағаға әсер етпей ме?
Ресейден тауық етін тасымалдауға салынған тыйым бағаға әсер етпей ме?

Ресейден тауық етін тасымалдауға салынған тыйым бағаға әсер етпей ме?

Қазақстандықтар уақытша Ресейдің тауық еті мен жұмыртқасын жемейтін болды. Өйткені Ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланысты азықтың бұл  түрін  көрші елден тасымалдауға тыйым салды.

Себебі жұқпалы ауру Курск, Пенза және Самара облыстарында өршіп тұр. Мұнда бірнеше тәуліктің ішінде-ақ 17 мыңнан астам құс қырылған. Қауіптісі сол,  Қазақстанға тауық өнімдерін импорттап келген 40-қа жуық негізгі компания  дәл осы эпидемия ошағында орналасқан екен. Сондықтан осы фермалардың өнімі  бір жыл бойы елімізге кіргізілмейді. Ал, дер кезінде сақтық шараларын қабылдадық деген министрлік, шекарадан ауру құстың еті өтпегенін айтып сендіруде. Айтуларынша, барлық құсқа вакцина салынған, уайымдауға негіз жоқ. Шекара бекеттерінде де санитарлық  бақылау күшейтілген. Әрі жауаптылар шектеуге байланысты тауық өнімдерінің тапшылығы болмайтынын айтып отыр.

ТҰРСЫН ҚАБДОЛДАНОВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің елімізде 65 құс фабрикасы бар. Оның үстіне еліміздің 6 мыңнан астам елді-мекенінде тауық өсіріледі. Қазақстанда бүгінгі күні 43 миллионнан астам тауық бар.

-Бағаға да әсер етпей ме?

-Жоқ, әсер етпейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде