{metadescription}
Шымкентте Қазақстан азаматтығын саудаға салған лауазымды полковник шатылып жатыр
Шымкентте Қазақстан азаматтығын саудаға салған лауазымды полковник шатылып жатыр

Шымкентте Қазақстан азаматтығын саудаға салған лауазымды полковник шатылып жатыр

Шымкентте оңтүстік Қазақстан облысы көші-қон полициясының бұрынғы бастығына қатысты сот процесі басталды. Нұрдәулет Төлегенұлы 4 Ауғанстан тұрғынына Қазақстан азаматтығын әперу үшін 40 мың доллар пара алам деп қолға түскен еді. Лауазымды шендіге енді 4 бап бойынша айып тағылып отыр.   

Былтыр Қазақстан азаматтығын армандаған 4 ауғанстандық көші-қон полициясына  құжат өткізуге келіп, өтініш білдірген екен. Алайда, басқарма басшысы болып тұрған Нұрдәулет Төлегенұлы әрқайсысы 10 мың доллар бермесе өтініштері орындалмайтынын жеткізіпті. Қыруар қаржының бір бөлігі Астанада отырған басшыларына кететінін айтып, ақшаны жылдамтатып жинауға кеңес берген. Тек, азаматтықты армандағандар айтылған ақшаның орнына Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шағым түсірген. Осылайша қолға түскен полковник кінәсін толықтай мойындап отыр. Ал, ауғандықтар Қазақстан азаматтығын алды ма жоқ па белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.