{metadescription}
Өскеменде Алматыдан аттай қалап алдырған трамвай апатқа ұшырады
Өскеменде Алматыдан аттай қалап алдырған трамвай апатқа ұшырады

Өскеменде Алматыдан аттай қалап алдырған трамвай апатқа ұшырады

Қит етсе бұзылып қала беретін қоғамдық көлік бұл жолы рельстен шығып кетіп, жолаушыларды есінен тандырған.  

Рельстен тайған трамвай асфальтті доңғалағымен сүзіп өткен. Тас жолдың тас-талқаны шыққаны болмаса, жолаушылар дін аман. Құдай сақтап, жақын маңда жаяу жүргіншілер де болмапты. Десе де, тұрғындардың енді трамвайға мінуден жүректері шайлығып қалды. Өйткені вагондар бірінші келген күні-ақ бұзылып, жұртты әбден әбіргерге салған болатын. Соған қарағанда, алматылық трамвайлар Өскеменге жерсіне алмай жүрген сыңайлы. Десек те, жергілікті атқамінерлер оларға шаң жуытар емес. Айтуларынша, ақау рельстен болған. Естеріңізге салсақ, Алматының ескі трамвайларын тастауға қимай, Өскеменнің шенеуніктері бақандай 118 миллион теңгеге сатып алған болатын. Аттай қалап алған 13 көліктің тек екеуі ғана жолаушыларды тасып жүр. Өйткені, қалған 11-і жөндеуді қажет етеді. Десе де, парк басшылығы ескіні жаңалауға ерінбейтін сыңайлы.  

Владимир Панков, «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры: 

-Себебі сол баяғыдай. Рельстердің түйіскен жері сынған. Содан трамвай жолдан шығып кетті. Ақауды жөндедік. Енді жолаушылар әдеттегідей  қатынап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.