{metadescription}
Павлодарда сыра ұрлаған азамат жындыханаға жабылды
Павлодарда сыра ұрлаған азамат жындыханаға жабылды

Павлодарда сыра ұрлаған азамат жындыханаға жабылды

Павлодарда дүкен сатушысын пышақпен қорқытып, сыра ала қашқан ер адам ақыры жындыханадан бір-ақ шықты. Полицейлерді аяғынан тік тұрғызған азаматтың ақыл-есі дұрыс емес көрінеді.

Сатушы әйелге пышақпен қоқан-лоққы көрсеткен ер адам оған сыра беруін бұйырыпты. Айтқанын орындаған келіншек бұзақы кете салысымен дабыл түймесін басып, оқиға орнына полицейлер жеткен. Алысқа ұзап үлгермеген күдіктіні көшеден тапқан тәртіп сақшылары оны ұстамақ болғанда күтпеген жайтқа тап келген. Әлгі адам жақындасаңдар өзімді бауыздап тастаймын деп қорқытыпты. Сөйтсе, оның ақыл-есі дұрыс емес екен. Ақыры сабасына түскен 40 жастағы азамат жындыханаға жеткізілді. Қазір оны сондағы ақ халаттылар қарап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.