{metadescription}
СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы  дүркіреп өтті
СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы  дүркіреп өтті

СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы дүркіреп өтті

Солтүстік Қазақстан облысында  Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған ұлан асыр той өтті. Ақынға ескерткіш ашылып, ән күйден шашу шашылды. Осынау мереке аясында тұңғыш рет оның прозалық шығармасы бір сөзі өзгертілместен  сол күйі сахналанды. Бүкіл түркі әлемін мойындатқан қайраткердің тойына шет елден де қонақтар келген.

Петропавлда Мағжан Жұмабаевқа  арналған шағын саябақ бар. Мерейтой аясында сол жерде талай жыл тұрған ескерткіш жаңаланды.  Мүсінді ақының артында қалған туыстары қаржы жинап, өздері құйдырған екен.

Райхан Мұхамеджанова, М. Жұмабаевтың немере қарындасы:

-Осы істегелі екі үш жыл болды, тұрып қалды. Астанаға қоймақшы еді, оны болмады. Осында келгеніме өзім қуанамын.

-Мағжан Жұмабавтың  125 жылдығына арналып ел тұрмақ, әлем деңгейінде жүздеген іс шара жоспарланған екен. Солардың ең ауқымдысы- ақынның туған жері, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сартомар ауылында  өтті. Жүздеген киіз үйлер тігіліп, аламан бәйге өтті. Балуандар белдесті.

Сартомар маңынан ашылған этноауыл құдды бір сол заманнан  сыр шертетіндей. Киіз басқан келіншектер, асық ойнаған бала. Осы тойға деп Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Түркиядан да қонақтар ағылды.  Бәрі Мағжан шығармаларын өз тілдеріне тәржімалаған сол елдердің білдей ақын-жазушылары. Мәселен, Өзбекстандық Мұзафар Ахмадтың Мағжанды зерттеп жүргеніне 20 жылдан асыпты. Ақын мерейтойы алдында ала шапанды ағамыз  «Танланган асарлар»  атты өзбек тілінде шыққан кітабын ала келген. 

Мұзафар Ахмад, Өзбекстан ақыны:

-Мағжан бүгін  бүтін Түркі халқының  бірлігінің, ынтымақлығының символына  гайданді. Рәмізге айналды. Мағжан десе бүтін түрки бірліктің символы , Мағжанның шерларі.

Кеш соңында облыстық сазды драма театрының ұжымы ақынның  «Шолпанның күнәсі» атты шығармасын сахналады.  Режиссердің тамаша  шешімі келген жұртты тәнті етті.

Батырбек Шамбетов, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының режиссері:

-Оны сахнаға ыңғайланда диалогтық текстке аударған жоқпыз. Қалай жазылды,  сол прозалық шығарманы,  баяндау тексінің  артына сахналық әрекет арқылы суреттеуге тырыстық. Бірде бір сөзін Мағжанның ауыстырған жоқпыз, алып тастаған жоқпыз.

ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымының шешімімен жарияланған биылғы Мағжан Жұмабаев жылына орай ақиық ақынға арналған мерекелік  іс- шаралар жыл соңына дейін жалғасады. Қыркүйек айында Баку қаласында ақынның әзірбайжан тіліне аударылған шығармалары жарық көрмекші.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде