Тұңғыш Президент қоры Астана туралы ерекше жоба жасады
Болашаққа қол созған Астана! Тұңғыш Президент қоры ұсынған жаңа интернет-жоба арқылы қазақстандықтар Елорданың жаңа келбетімен таныса алады. Уақыт мәшинесімен саяхаттағандай әсерге бөлейтін мультимедиялық жобаның ауқымы өте кең. Фантаситкалық кинода ғана тамашалайтын көріністей көз тоймайтын туындыға бас қаланың шынайы келбеті негіз етіп алынған.
Автор: Мақсат Мәлік
25.06.2018
Ақиқатқа айналған аңызға өз көзімен көріп иланған америкалық журналист Жосая Блэр әр сәт сайын таңданысын жасырмайды. Себебі, осыдан 20 жыл бұрын Астанаға алғаш табан тіреген оның есінде тек ескі үйлер мен шексіз дала жатталып қалған. Бірақ күн санап дамыған қала қазір адам танымастай өзгерген. Оны жоба барысында Астанамен кіндігі байланған тұрғындардың өздері де айтып береді. Олардың арасында теміржолшы, саясаткер, спортшы, дәрігер, тіпті қарапайым құрылысшы да бар. Әсіресе, КТК арнасы мен «Strana Media Team» студиясының шығармашылық ұжымы тарихи кадрларға тіл бітіріп, өткен шақ пен бүгінді шебер шендестірген. Ал Астананың қазіргі келбетін болашақпен астастырған графикалық жұмыстар көрген жанға еріксіз таңдай қақтырады. Айта кетейік, арманға жетелейтін ауқымды жобаны Тұңғыш Президент қоры ұсынып отыр.
Евгения Сакенова, «Strana Media Team» студиясының продюсері:
-Бұл сайтта Астанамен өмірі біте қайнасқан жандардың жүрек жарды лебіздері топтастырылған. Әрі заманауи техниканың мүмкіндіктері қолданылған. Тіпті, сайты қараған кезде біздің кейпіркерлеріміздің сұхбатын твңдап қана қоймай, сонымен бірге Астанаға қатысты түрлі тарихи деректермен қанығып отырасың.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!