{metadescription}
Шудағы апаттан зардап шеккендер әлі күнге өтемақы алмағандарын айтып шу шығарды
Шудағы апаттан зардап шеккендер әлі күнге өтемақы алмағандарын айтып шу шығарды

Шудағы апаттан зардап шеккендер әлі күнге өтемақы алмағандарын айтып шу шығарды

Ал, сол апаттан зардап шеккен жолаушылар әлі күнге уәде етілген билет ақшасын алмағандарына наразы. Оның үстіне олар "Қазақстан темір жолы"  өтемақы төлеулері тиіс дейді. Бас жарылып, сүйектері сынбағанмен психологиялық шоктан айығуға кемі 500 мың теңге берсін деген пікірде.

Виктория Пудина, Алматы қаласының тұрғыны:

-Біз теміржол бекетіне барып, билет ақшасын кері қайтаруды талап еттік. Біраз жолаушыларға қайтарылғанмен, келесі күні барғандардың көбіне ешкім ештене түсіндірместен, уақытша жол ақысының қайтарылуы тоқтағанын айтқан. Сақтандыру компаниясына да хабарлассақ әзірге жауап бермей, үнсіз жатыр. Вагонда болған балалардан бөлек ересектер де әлі күнге апат әсерінен айыға алмай жүр.

"Қазақстан Темір жолы" басқармасы бүгінге дейін апаттан зардап шеккен 22 адамға өтемақы төленгенін айтады. Сонымен қатар, үш жолаушының өтініші қаралып жатыр екен. Әзірге 3,5 млн теңгедей өтемақы төленген. Алған жарақаттың ауырлығына қарай берілетін ақшаның да сомасы құбылады екен. "Қазақстан Темір жолы" өтініш білдірген әр жолаушының мәселесін қарауға дайын екендіктерін айтады.

Бауыржан Орынбасаров, «ҚТЖ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

-Әр жолаушыға көмек көрсетуге дайынбыз. Сәйкесінше, өтемақысын да төлейміз. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Бүгінге дейін сол пойызда болған 800 ден астам жолаушының 171-не   билет ақысын толық қайтардық. Сайтымызда толық ақпарат алып, билет ақшасын қалай қайтаруға болатынын біле алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.