{metadescription}
Астанада жарыс кезінде велосипедшілерді қағып өлтіре жаздаған жүргізуші тергеліп жатыр
Астанада жарыс кезінде велосипедшілерді қағып өлтіре жаздаған жүргізуші тергеліп жатыр

Астанада жарыс кезінде велосипедшілерді қағып өлтіре жаздаған жүргізуші тергеліп жатыр

Астананың 20 жылдығына арналған дуатлон кезінде үш велосипедшіні қағып кеткен көлік иесіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал оңбай құлаған велошабандоздар бүгінде балдаққа таңылған.

Ербол Елемесов, зардап шегуші:

-Құлағанда үш рет аунап, басымнан жарақат алдым. Құдайға шүкір, каскам болды. Бірақ соған қарамастан есімді жия алмай жатырмын. Оқиға қалай болғанын, құлаған сәттерім есімде жоқ.

Одан бөлек, сол аяғының екі башпайының сүйегі сынған. Қазір гипсте, балдақсыз жүре алмайды. Денесіндегі жырылып кеткен ұсақ жарақаттарын айтпағанда, екі тізесін де қатты ауыртып алған. Бәрінен ауыры, миы шайқалған. Әлі де солқылдап басы ауырады. Оқиға осы жексенбіде болды. Жарысқа 500 велошабандоз қатысқан. Соның ішінде, Достық көшесімен сағатына 39 шақырым жылдамдықпен заулап келе жатқан үш әуесқой спортшы  Сауран көшесімен қиылыстан өте бергенде «Дэу Нексиа» оларды қағып түсіреді. Ербол Елемесов апатқа ұшыраған үшеудің ортасында келе жатқан. Ал соңынан келіп, қаңбақша ұшып түскен Мағжан Жұмабаевтың жағдайы бұдан да нашарлау. Көлік бампері бірінші велошабандозға да тиген. Бірақ, ол аман-сау. Полицияның мәліметінше, «Дэу Нексианың» жүргізушісі жол полициясының ескертуіне құлақ аспаған. Сондай-ақ, ескертуді елемеген тағы бір жүргізуші бар.

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

- «Тойота камри» автокөлігінің де жүргізушісіне қатысты әкімшілік жаза қолданылып, тексеріс барысында анықталғандай,  Екі бап бойынша әкімшілік өндірістік іс қозғалып, жазаға тартылған. Екі бапта да 5 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде