{metadescription}
Адам қаққан көліктің ішінде болған Өскемен  әкімінен  куәгер ретінде  жауап алынды
Адам қаққан көліктің ішінде болған Өскемен  әкімінен  куәгер ретінде  жауап алынды

Адам қаққан көліктің ішінде болған Өскемен әкімінен куәгер ретінде жауап алынды

Қуат Тұмабаев, қылмыс жасалған жерден не үшін бой тасалағанын түсіндіріп берді.

Сөзіне сенсек, ол марқұм Евгений Смольниковқа жедел-жәрдем шақырту үшін машинаға мініп жолға шыққан. Сол сәтте оны алысқа ұзатпай тәртіп сақшылары ұстап алған. Шенеуніктің тек куәгер есебінде сұралғанын айта кетейік. Ол әкімшілік жауапқа тартылып үлгерді. Және тәртіптік кеңес Тұмабаевты мүлдем қызметіне сәйкес келмейді деп сырттай шешім шығарған. Ал, адам қағып өлтірді деп айыпталған Бауыржан Құрманбаевқа қатысты сот үкімі ертең шығады деп күтілуде. Оның жазасыз қалуы да ғажап емес. Өйткені 19 жастағы бозбаланың әкесі Виктор Смольников кінәліге кешірім берген. Ол бұл шешімін науқас әкесі бар шенеунікке аяушылық таныттым деп түсіндіреді. Еске салсақ, қайғылы оқиға 15-ші сәуірде болған. Араққа сылқия тойған Ридер қаласы әкімінің орынбасары «BMW Х5-пен» жол жиегіндегі жаяу жүргіншіні жаншып өткен. Евгений Смольников сол жерде тілге келместен көз жұмған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.