{metadescription}
Ғабидолла Әбдірахымов жұмысқа  велосипедпен баратынын айтты
Ғабидолла Әбдірахымов жұмысқа  велосипедпен баратынын айтты

Ғабидолла Әбдірахымов жұмысқа велосипедпен баратынын айтты

Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктердің тұрмысын жақсартпақ.

Бүгін Астанаға келіп Үкімет отырысына қатысқан су жаңа үшінші мегаполистің әкімі ауқымды жоспарларымен бөлісті.

Айтуынша, Шымкентке әкім болып қайта тағайындалғанда қуанышында шек болмапты. Енді істейтін  шаруа көп. Өйткені  Шымқаланың мәртебесі өскен соң, 1 миллион халықтың жағдайы да соған сай болуы керек дейді Әбдірахымов. Сондықтан ең әуелі тұрғындардың табысын өсіріп, тұрмысын жақсартуға уәде берді. Жалпы, бұған дейін Шымкентті екі жыл басқарған 43 жастағы Әбдірахымов  түрлі бастамаларымен ерекшеленген еді. Қымбат қызметтік машинадан бас тартып велосипедпен жүрді. Тіпті, қол астындағыларды мәжбүрлеп қоғамдық көлікке отырғызған. Енді бұрынғы креслосына жайғасқан әкім бұл әдетінен жаңылмағанын айтты.

ҒАБИДОЛЛА ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Көресіздер өздеріңіз. Велосипедпен жүреміз. Жалпы ол автобуспен жүрген мәселе ол  журналистердің алдында көріну емес. Ол жаңағы мәселені терең көріп, орынбасарларым да көрсін деп, мәселені шешу үшін жасалған нәрсе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.